Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады

3 Қараша, 2025

Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды

3 Қараша, 2025

Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті

3 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады
  • Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды
  • Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті
  • Алматы облысында Іле өзенінің жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды
  • Жол ережесін бұзып, көлігіне жалған нөмір таққан депутат видеоны жариялаған азаматтан 5 млн теңге талап еткен
  • Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті
  • «Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді
  • Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 4 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды

Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды

3 Қараша, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылында «Келешек мектебі» ұлттық жобасымен заманауи жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Алты жүз орынға арналған бұл білім мекемесі аталған жоба аясында тұрғызылған облыстағы екінші мектеп. Бұған дейін осындай 1200 орындық Панфилов ауданының Жаркент қаласында ашылған болатын, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жаңа мектептің ашылуына арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады:

— Республикалық Тамыз конференциясында Президентіміз қала мен ауыл мектептеріндегі білім беру деңгейін теңестіру міндетін қойған болатын. Соған сәйкес облыста әсіресе ауылдық жерлердегі білім саласының инфрақұрылымын жақсартуға көп көңіл бөлініп келеді. Жыл сайын мектептердің материалдық-техникалық базасын нығатуға да ерекше назар аударылады. «Келешек мектебі» жобасының да негізгі мақсаты осы, — деген Диас Есдәулетов оқушыларға оқуда табыс, мектеп ұжымының еңбектеріне жеміс тілеп, мектепке автобус көлігінің кілтін тапсырды.

Сол сияқты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ  Ұлттық жобаны іске асыру және өңірлік даму жөніндегі құрылыс департаментінің директоры Қайрат Өтегенов тілегін білдірді. Мұнан соң «VentKarkara service» құрылыс компаниясының директоры Еркін Ахметжанов мектеп директоры Айнагүл Садиеваға мектептің символдық кілтін ұсынды.

Осыдан кейін қонақтар, жалпы жиналған қауым мектептің ішін аралап көрді. Бұл жаңа мектеп талапқа сай жабдықталған, мұнда оқушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Жаңа пән кабинеттері, робототехника, лингвистика кабинеттері, STEM зертханасы, кітапхана, шеберхана, хореография залы, асхана және басқа да қажетті сыныптар мен залдар қарастырылған. Мектепте 59 мұғалім жұмыс істейді. Солардың ішінде жаңадан оқу бітіріп келген жас мамандар да бар.

— Мен мектепті осы Достық ауылынан оқып бітіргенмін. Жоғары оқу орнын тәмамдап, жас маман ретінде өз ауылыма еңбегімді сіңіруге келіп отырмын. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Алғашқы еңбек жолымды осындай «Келешек мектебінен» бастау – мен үшін мәртебе. Көрсетіліп жатқан әдістемелік көмектер, қолдануға ыңғайлы инфоқұрылымдық технологиялар жас мамандарға үлкен қолдау болады деп ойлаймын, — дейді Гүлнұр Абылайханова.

Ата-аналар қауымы да жаңа мектептің салынғанына дән разы.

— Бүгін баршамыз үшін ерекше қуанышты күн. Шалғай орналасқан Достық ауылында білім мен тәрбиенің жаңа ордасы ашылып отыр. Ата-аналар қауымы да, балаларымыз да осы күнді асыға күттік. Атына заты сай заманауи техникамен  жабдықталған осындай мектепте оқу — біздің балаларымыз үшін керемет мүмкіндік. Сапалы білім алып қана қоймай мұнда түрлі үйірмелерге қатысып, жан-жақты дамуларына барлық жағдай жасалғаны бізді қатты қуантты. Енді тек қана жақсы оқып, алаңсыз білім алуын ата-ана ретінде қадағалап, мұғалімдермен қоян-қолтық жұмыс істейміз, — дейді Жадыра Мұжыбаева.

Жалпы Жетісу облысында Бүгінгі күні облыста 6 мектептің құрылысы жүргізілуде, соның 3-еуі биыл қолданысқа беріледі.

Фото: Дмитрий Ерофеев

Оқылып жатыр

«Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады

Жетісудың Көксу ауданында соңғы үш жылда 46,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тұрғын үй пайдалануға берілді

Жетісуда «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды

«Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң мен Тәртіп»: Жетісуда тақырыптық муралдар салынды

Жетісуда шекаралық аудандарды электрмен сенімді жабдықтау мақсатында ауқымды жобалар іске асырыла бастады

Соңғы жазбалар

Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады

3 Қараша, 2025

Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды

3 Қараша, 2025

Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті

3 Қараша, 2025

Алматы облысында Іле өзенінің жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды

3 Қараша, 2025

Жол ережесін бұзып, көлігіне жалған нөмір таққан депутат видеоны жариялаған азаматтан 5 млн теңге талап еткен

3 Қараша, 2025

Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті

3 Қараша, 2025

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025

«Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

3 Қараша, 2025

Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет әкесі туралы естеліктерімен бөлісті

3 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.