Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды
  • Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді
  • Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 25 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісу облысына – 3 жыл: 2025 жылдың соңына дейін облыстың барлық елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі

Жетісу облысына – 3 жыл: 2025 жылдың соңына дейін облыстың барлық елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі

28 апреля, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу өңірінде қазірдің өзінде қала тұрғындарының 100 пайызы, ауыл тұрғындарының 99,5 пайызы сумен қамту қызметіне қол жеткізген. Ал жыл соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтуға жататын 331-і елді мекеннің барлығы немесе 694,2 мың адам орталық ауыз су жүйесіне қосылады деп күтілуде, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022-2024 жылдары облыста 420,5 шақырым су құбыры желісі қайта жаңғыртылып, 24 елді мекенде ауыз судың сапасы жақсарды. Орталық су құбырына төрт ауыл қосылды: Қаратал ауданының Бесағаш, Бірлік және Алакөл ауданының Бибақан, Тоқжайлау ауылдары. Бұл ретте облыстағы ең шалғай елді мекен – Қаратал ауданындағы Көпбірлік ауылының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді. Ауылда орталықтандырылған су құбыры болғанымен, судағы тұз мөлшері рұқсат етілген нормадан бірнеше есе жоғары болған. Көптен түйіні шешілмей келе жатқан бұл мәселе облыс әкімінің тапсырмасымен қабылданған шаралардың арқасында былтыр шешімін тапты.

– Ауыз су – денсаулық кепілі, сондықтан оның сапасы аса маңызды. Соңғы бірнеше жылда біздің ауылда су мәселесі күрделі болды. Денсаулыққа зиян тигізетін тұзды суды ішуге мәжбүр болдық. Қазір бұл мәселе шешілді. Халық риза. Біздің ауылға келетін, 30 жылда бір рет жөндеу көрмеген жолды да ретке келтірді. Енді 1,5 сағатта асықпай аудан орталығы Үштөбе қаласына жетеміз. Ауылымызға бұдан былай да көңіл бөлінеді деп ойлаймын, – деді Көпбірлік ауылының тұрғыны Зәмзәгүл Несіпбаева.

Текелі қаласының тұрғындары да ұзақ жылдардан кейін сапалы ауыз суға қол жеткізді. Еске салсақ, бұған дейін Текеліге ауыз су Шажа мен Қора өзенінен ескі сүзгі стансасынан өткізіліп, көктем-жаз мезгілінде жаңбыр мен қардың еруінен ішуге жарамсыз болатын да, тұрғындардан арыз-шағымдар жиі түсетін. Бұл мәселе қаланың ішкі су желілерінің тозуы салдарынан ушыға түсті.

Осыған орай 2024 жылы бұл мәселені түбегейлі шешу үшін бюджеттен қаржы бөлініп, сүзгі стансасының жабдықтары ауыстырылып, ағымдағы жөндеу жүргізілді, ауқымы 3000 м3 болатын екі резервуар, скважинадан 16,5 км сумен қамту жүйесі салынды. Сол сияқты сумен жабдықтау желілеріндегі 392 ысырма ауыстырылды, бұл қажет кезде бүкіл су жүйесін емес, тек белгілі бір бөлігін ғана өшіруге қолайлы болмақ. Жалпы барлық жұмыс желтоқсан айында аяқталды, қазір пайдалануға беру сатысында, мамырға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Оған қоса мамыр-маусым айларында су сапасы тағы бір рет тексеріледі. Жұмыстың 2-ші кезеңі де, яғни сумен қамтудың ішкі жүйелерін ауыстыру ісі қосымша басталды, оған 400 млн. теңге бөлінді. Жоба ауыспалы, келесі жылы да жалғасады. Сөйтіп Текелі қаласында бірнеше жыл бойы жергілікті халыққа қолайсыздық тудырып келген сапасыз ауыз су мәселесі бүгінде толық шешімін тапты.

Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мәселесін шешу жұмыстары аяқталуға жақын.

Еске салсақ, 2008-2023 жылдар аралығында ауылда су құбыры желілерін қайта жаңғыртудың төрт кезеңі атқарылды. Ал өткен жылы су құбыры желілерін қайта құрудың 5-кезеңі басталды. 178,6 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күні 22 шақырымы төселіп, жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Желілердің құрылысы аяқталғаннан кейін Сарыөзек ауылындағы ұзақ жыл бойы шешімін таппай келе жатқан ауыз су сапасына қатысты мәселе түпкілікті шешімін таппақ.

Сол сияқты жуық арада Алакөл ауданы Лепсі ауылында ауыз су мәселесі шешіледі. Құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 800 млн. теңге бөлінді. Жылдың соңына дейін ауыл орталық ауыз су жүйесіне қосылады деп жоспарланған.

Ал Алакөл ауданы Бибақан ауылының тұрғындары ұзақ жылдар бойы сорғыдан су ішіп келген. 160-қа жуық тұрғыны бар ауылда орталық су құбыры болмаған. Су құбыры төселгеннен кейін бұл мәселе шешілді.

– Бұрын суды аулаға орнатылған су сорғыштан алатынбыз. Сондай-ақ бақша мен көкөніс алқабын суаруға су үнемі жетпей қалатын. Әсіресе жазда суды үнемдеу керек болды. Былтырдан бері ауылымызға су тартыла бастады. Қазір суымыз таза, жұмсақ, қысымы жақсы. Халыққа қажетті жағдай жасалып жатыр, әсіресе ауыз су мәселесінің шешілгеніне қуаныштымыз, – деді Бибақан ауыл тұрғыны Қапиза Хамитова.

Биыл облыста су құбырларын салу мене қайта жаңғырту бағытында 18 жоба жүзеге асырылуда. 2604 тұрғыны бар тағы 4 ауыл орталық сумен қамтылады. Атап айтқанда, олар – Алакөл ауданындағы Қоңыр, Қаратал ауданындағы Ұмтыл, Ақсу ауданындағы Қопалы, Панфилов ауданындағы Жиделі ауылдары.

Соның нәтижесінде 2025 жылдың соңына қарай Жетісу облысындағы 358 елді мекеннің орталық сумен қамтамасыз етуге жататын 331-і орталық су жүйесімен толық қамтылады.

Оқылып жатыр

Талдықорғанда 60 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді

Талдықорған-Үшарал газ құбыры күзде аяқталады — әкімдік

Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды

Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі берілді

«Сапалы үйлер тек қалада ғана емес, ауылда да салынуы керек»: Бейбіт Исабаев Ақсу ауданын аралады

«Жетісу» волейболшылар командасы Азия чемпионатында тұңғыш алтын медалін иеленді

Соңғы жазбалар

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.