Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

11 Қараша, 2025

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

11 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды
  • 3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
  • Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді
  • «Ақша үшін әнші атанбадым»: Димаш әлемдегі белді телеарнаға тікелей эфирде сұхбат берді
  • Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр
  • «Ел сөйлей береді, бастысы біз біргеміз»: Қабатовтың тоқалы мәлімдеме жасады(ВИДЕО)
  • Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр
  • Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 12 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Жетісу облысында 4 мыңға жуық қыз бала АПВ-ға қарсы екпе алды

Жетісу облысында 4 мыңға жуық қыз бала АПВ-ға қарсы екпе алды

21 Желтоқсан, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

АПВ – тері мен шырышты қабаттарды зақымдайтын вирустардың тобы, 200-ден астам түрі бар, оның ішінде 14 типі онкологиялық ауруларды тудырады. АПВ өте жұқпалы, адамнан адамға оңай беріледі.

Таралуы инфекция түскен терімен, шырышты қабаттармен тікелей  жанасу кезінде орын алады. Жолдары:

  • тұрмыстық жанасу (қол алысу, сүйісу, терідегі зақымдар);
  • жыныс жолы;
  • босану кезінде (анадан балаға);
  • өзін-өзі жұқтыру (қырыну, эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші жеріне ауысады).

Адамдардың шамамен 80% өмірінің белгілі бір кезеңінде АПВ жұқтырып алады.

ДДҰ мәліметі бойынша, 95%-дан астам жағдайда жатыр мойны обырын адам папилломавирусы (АПВ) тудырады.

Қазақстанда ЖМО-мен ауырған науқастардан зерттеуге алынған материалдардың 74%-ында 16,18 серотиптер анықталған.

Дәл осы серотиптер қолданыстағы АҚШ-та жасалған 4-валентті «Гардасил» вакцинасының құрамына кіреді.

«Бұл вакцина АҚШ, Австралия, Канада, Швейцария, Норвегияда енгізілгеннен кейін 5-10 жылдан кейін зерттеулер жүргізілген. Вакцина құрамындағы АПВ түрлерінің (6,11,16,18) таралу жиілігі егілгендер мен вакцинаны алмағандар арасында зерттелді:  егілгендер арасында 80-90%-ға; егілмегендер арасында 40%-ға төмендеген. Айта кетерлігі, мұнда ұжымдық иммунитеттің арқасында егілмегендер арасында да инфицирлену төмендеген», — деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

2013 жылы Қазақстанның 4 аймағында (Атырау, Павлодар облыстары, Алматы қ.  және Астана қ.) 17 295 қыз жатыр мойны обырына қарсы вакцина алды, 2023 жылы сол кезде  вакцинацияланған 1129 және егілмеген 871 әйел адам тексеріліп, АПВ вакцинасын алмағандар тобында инфекция 18,2%-ында анықталды, вакцинацияланған топ арасында — 0,12%. Бұл вакцинаның тиімділігін көрсетті. Осы дәлелдерден кейін елімізде АПВ-ға қарсы вакцинация енгізілді.

Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес АПВ қарсы екпе 11 жасқа толған қыздарға жасалады. Сонымен қатар, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №11 қаулысына сәйкес екпені 12 жастан 13 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі жастағы қыздарға толықтыра вакцинация жүргізіледі.

Вакцинация 2 кезеңде ата-аналардың келісімімен жүргізіледі, 2-ші доза 6 айдан кейін салынады. Бұл вакцина мектептерде, емханаларда жасалады. Облыста медициналық ұйымдарда 200, мектептерде 230 егу пункті, 54 егу бригадасы ұйымдастырылды. Вакцина дәрігердің қарауынан кейін ғана енгізіледі. Дәрігер вакцинация үшін қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын анықтайды. Қарсы көрсетілімдер өте сирек кездеседі. Салқын тию сияқты кішігірім инфекция вакцинацияға қарсы көрсетілім емес.

Келесі адамдарға вакцина салынбайды:

  • вакцина компоненттеріне ауыр аллергиялық реакциялар бар адамдар;
  • жүктілік кезіндегі әйелдер;
  • орташа/ауыр, қызбасы бар/қызбасыз жіті ауруы бар науқас (2-4 аптадан кейін егіледі);
  • жүйкенің жіті аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит; толық сауыққан соң 1 айдан кейін егіледі);
  • жіті гломерулонефрит (сауыққан соң 6 айдан кейін егіледі);
  • стеройд, иммуносупрессивті ем қабылдаушылар;
  • созылмалы аурулардың асқынуы, өршуі барлар;
  • үдемелі/тұрақсыз неврологиялық бұзылысы, үдемелі энцефалопатия, бақыланбайтын құрысуы барлар (жағдай толық тұрақталғанға дейін).

«Бүгінде Жетісу облысында АПВ-ға қарсы екпемен 3880 қыз бала қамтылды, оның ішінде 11 жаста 1622, 12-13 жаста 2258 қыз вакцина алды. Вакцинадан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Осы жаста алған вакцинация ең тиімді. Уақытында алынған АПВ-на қарсы вакцина қыздарымызды жатыр мойны обырынан қорғайды», — дейді Жетісу облысының бас санитариялық дәрігері Асхат Сәкенұлы.  

 

Оқылып жатыр

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

Адамзаттың айуаны: хуторлық Хасан Қасымбаев ауыр жазаға кесілді

«Өліктен де теңге тапқан ашкөз ел»: Қазақстанда мәйітханадан мүрдені алу бизнеске айналып кеткен

Филолог Ғалым Доскен өмірден өтті

Бижомарт Қапалбек: Латын графикасына көшу процесі ғылыми деңгейде тоқтап тұр

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Соңғы жазбалар

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

11 Қараша, 2025

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

11 Қараша, 2025

«Ақша үшін әнші атанбадым»: Димаш әлемдегі белді телеарнаға тікелей эфирде сұхбат берді

11 Қараша, 2025

Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр

11 Қараша, 2025

«Ел сөйлей береді, бастысы біз біргеміз»: Қабатовтың тоқалы мәлімдеме жасады(ВИДЕО)

11 Қараша, 2025

Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды

11 Қараша, 2025

Абай облысына 3,5 трлн теңге инвестиция тартылды

11 Қараша, 2025

Жетісу аудандағы ондаған көшеге жаңа жол жабындысы төселді

11 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.