Бруцеллез – адамдар мен жануарларға ортақ, аса қауіпті ауру. Денсаулыққа үлкен зиян келтіріп, белсіздікке, тірек – қимыл аппаратының зақымдануы мен мүгедектікке әкеліп соқтыруы мүмкін.
Бруцеллездің инкубациялық кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады.
Бруцеллездің белгілері: қызба, тершеңдік, бұлшықет, буындардың ауыруы, әлсіздік, бас ауру,ашушаңдық, тәбеттің жоғалуы, салмақты жоғалту, бауыр және көкбауырдың үлкеюуі.
Бруцеллездың негізгі жұқпа көздері – ауыр шаруашылық малдар, яғни ҰММ (қой, ешкі) ІҚМ (сиыр, түйе) шошқа, бұғы және иттер. Бруцеллезбен науқастанған адам жұқпалы емес, яғни ауру адамнан сау адамға ауру берілмейді.
Бруцеллездің жұғы жолдары: алиментарлы жолмен – ауру малдың сүті мен сүт өнімдерін пайдаланғанда, сонымен бірге жеткіліксіз термиялық өндеуден өткен немесе шикі ет өнімдерін тағамға пайдаланғанда жұқтырады. (жиі шала піскен кәуәп).
Қарым – қатынас арқылы да ауру жұқтыруы мүмкін, яғни бруцеллезбен ауырған үй жануарларын күтіп – баптаған кезде мал иелері, кәсіптік мамандар — малшылар, сауыншылар, ветеринарлар және т.б) жұқтырады.
Бруцеллездың алдын алу шаралары
1. Мал төлдету кезінде жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау; халат, арнайы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру керек.
2. Ауладағы малдың арасында түсік тастау, өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек.
3. Малды жайлауға шығарар алдында міндетті түрде бруцеллезге тексерту.
4. Сүт өнімдерін ветеринарлық анықтамасыз бейберекет сауда орындарынан сатып алмау;
5. Тағам ретінде сапалы термиялық өңдеуден өткен ет және сүт өнімдерін қолдану;
Жоғарыда аталған қарапайым ұсыныстар сақталған жағдайда Сіз қауіпсіз боласыз!
«2024 жылдың 5 айында облыс бойынша бруцеллез сырқаттанушылығының 33 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 5,0. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 жағдайға төмендеген (40-тан 33-кее дейін), 9 бала, 1 жасөспірім науқастанған. Науқастанғандардың 84, 8% ауыл тұрғындары, сырқаттанушылық облыстың 28 елді – мекенінде, 30 ошақта тіркелді», — дейді Жетісу облысы басшысы Асхат Чарапиев.
Эпидемиологиялық қолайсыздықты Ақсу, Алакөл, Қаратал, Көксу, Сақан аудандары қамтыды, сырқаттанушылық көрсеткіштері облыстық (5,0) көрсеткіштен 1,4 – 4,0 есе жоғары. Топтап ауру жағдайлары тіркелген жоқ.
Соңғы кезде балалар арасында жоғары болып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда балалар арасында 6 жағдайға жоғарлаған, есепті кезеңде Көксу ауданында — 4, Ақсу, Панфилов-2, Сарқан-1 баладан науқастанған.
Тіркелген 33 науқастың жұғу көздері ұсақ мүйізді мал- 54,5%, ірі қара мал 21,2% қамтыды.