Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты
  • Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды
  • Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен
  • Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны ұлғайтылды

Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны ұлғайтылды

21 января, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны 12-ге жеткізілмек. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында 7 стационарлық әлеуметтік нүкте, оның ішінде 5-уі әлеуметтік дүкен болса, қазір тұрғындарға ыңғайлы болу үшін тағы 5 көше сауда нысаны қосылып жатыр. Жетісу өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың екі тетігі бойынша 18 мың тоннадан астам өнім қоры бар. Оның 1485 тоннасы картоп. «Жетісу» ӘКК тауарлық интервенцияларды тұрақты негізде әлеуметтік пункттерінде келісім-шарт бойынша азық-түлік өнімдерін сатумен айналысады, деп хабарлайды Todayinfo Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жетісу» ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл сайын көкөніс өнімдерінің, оның ішінде картоптың қорын қалыптастырады. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен келісім-шарт жасап, өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және өндіретін шаруашылық жүргізуші субъектілерді жеңілдікпен несиелеу бойынша жұмыс жүргізеді. Мәселен, 2023-2024 жылдарға арналған жоғарыда аталған тетіктерді жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 9 млрд. қаржы қарастырылды. Көрсетілген мерзімде бөлінген қаражатқа 31,2 мың тонна өнім жеткізуге келісім-шарт жасалды. Оның бүгінгі таңда 12,6 мың тоннасы сатылды. Қазіргі таңда қорда 18 мың тоннадан астам азық-түлік тауарлары бар. Атап айтар болсақ, әлеуметтік нан, І сортты ұн, қант, күріш, кеспе (макароны) күнбағыс майы, қарақұмық, тұз, тауық еті, жұмыртқа, сиыр еті, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат.

«Картоп бағасының көтерілуіне байланысты осы кезеңде тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенция жүргізіп жатырмыз. Картоптың бағасы 180 теңгеден аспайды. Осы кезеңде Талдықорған қаласында әлеуметтік дүкендерді қосқанда 7 стационарлық әлеуметтік пунктіміз бар. Сонымен қатар, облыс әкімінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес әлеуметтік сауда орындарын көбейту бойынша жедел шаралар қолға алынды. Біз 5 сауда нүктесін ашып жатырмыз, соның ішінде 2-уі жұмыс жасап тұр. Әзірге бұл қосымша сауда орындары алдағы 2 айда тұрақты жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз», –  деді «Жетісу» ӘКК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Альмира Ибраимова.

Қала орталығындағы жаңа әлеуметтік сауда нүктесінің жұмысы жергілікті тұрғындардың ризашылығына бөленіп үлгерді. Талдықорған қаласының тұрғыны Эльмира Смағұлова әлеуметтік дүкеннің тұрақты тұтынушысы екенін жеткізді.

«Бүгін әлеуметтік сауда нүктесінде картоп 180 теңгеге алдым. Яғни 3 есеге арзан баға. Басқа азық-түлік өнімдері мен көкөністер де сатылуда. Сәбіз, «Бақанас» күрішінің дәмді сортын да сатып алдым. Бұл күріштің түрі базардан тым сирек кездестіреміз», – деді қала тұрғыны.

Фототілші: Жұмабай Мұсабеков

Оқылып жатыр

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

Соңғы жазбалар

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

14 Қыркүйек, 2025

Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады

14 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы елді «Отбасы күнімен» құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.