Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
  • Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады
  • МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады
  • Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды
  • Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті
  • «Уақытша ұстау изоляторына ұқсайды»: Семейдегі «Қазпошта» бөлімшесі сынға қалды
  • Ресей дроны Харьковтағы балалар бақшасын қиратты: 48 бала аман қалды
  • Алматы облысының ұстаздары «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында топ жарды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 23 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жетісу облысында дінтанушылар мен діни ұйымдар жетекшілерінің республикалық форумы өтті

23 Қазан, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Жетісу облысында дінтанушылар мен діни бірлестіктер жетекшілерінің «Рухани келісім жолы: съезд идеясын жүзеге асыру» атты республикалық форумы өтті. Форум  мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, ғылыми қауымдастық пен азаматтық сектор өкілдерінің басын қосты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорғанда облыстық дін істері басқармасы мен Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген Д. Есдәулетов облыс әкімі атынан форум қатысушыларына бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, баршаға ортақ адамгершілік құндылықтарды сақтау мен насихаттауға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

– Президент айтқандай, елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша толымды тәжірибе жинақталған. «Сан алуандықтағы бірлік» деген әмбебап қағида қазақстандық этникалық және діни төзімділік моделінің негізі болып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, 18 конфессияны біріктіретін шамамен 4000-ға жуық діни бірлестік еркін қызмет атқарып келеді. Мұндай этникалық және діни әралуандық біздің облыс аумағында да көрініс тапқан. Бұл – біздің баға жетпес байлығымыз әрі артықшылығымыз. Форумның жұмысы табысты өтеді деп сенемін, ал талқыланатын идеялар мен ұсыныстар қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту ісінде маңызды рөл атқарады деп ойлаймын, – деді ол.

Өз кезегінде форумға қатысушылар да ой-пікірлерін білдірді.

– Барлық діндер мен конфессиялар өкілдерінің басын қосқан бұл форумды аса маңызды шара деп есептеймін. Кез келген өзен бірнеше саладан құралады, олардың бәрі түптеп келгенде бір үлкен мұхитқа құяды. Сол сияқты біздің форум шағын болса да, әлемдегі бейбітшілікті нығайту ісіне өз үлесін қосуға бағытталған, – деді «Үштөбелік пресвитериан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің пасторы Надежда Ким Гван Джун.

Оған Талдықорған қаласы 3-бөлімшедегі «Тәубе» мешітінің рухани жетекшісі Радион Ю да қосылды:

– Ең алдымен біз ортақ еңбегіміздің бірлескен нәтижесіне жетуді мақсат етеміз. Рухани құндылықтарды ұмытпай, адами қасиеттерді дамуға ұмтылған жөн. Баршаңызға бақыт, бейбіт өмір, мол игілік тілеймін! – деді ол.

Сондай-ақ Талдықорған РПЦ викариаттыңының басқарушысы, Талдықорған епископы Клавдиан да осы пікірді қуаттайды:

– Біздің форум дәстүрлі шараға айналып үлгерді, ол жыл сайын Рухани келісім күніне арналып өткізіледі. Әртүрлі конфессиялар мен ұлт өкілдері арасындағы рухани келісім – бүгінгі күні өте өзекті, себебі біз көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біз бір-бірімізбен араласып, кездесіп, маңызды мәселелерді бірлесіп шешіп, заманауи сын-қатерлерді еңсеруіміз керек. Баршаларыңызға рухани үйлесім, тыныштық пен бірлік тілеймін! – деді ол.

Форум аясында қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау, рухани құндылықтарды насихаттау ісіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Сондай-ақ жыл бойы белсенді қызметімен көзге түскен діни бірлестік өкілдері де назардан тыс қалған жоқ.

Кездесу соңында қатысушылар рухани келісім мен бейбітшілікті сақтау баршаның ортақ борышы екенін атап өтіп, осы бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Оқылып жатыр

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады

Жетісуда Республика күні қарсаңында ескерткіштер жаңғыртылып, жаңа сквер ашылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді

Ақсу қант зауыты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін өнім қабылдайды

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Соңғы жазбалар

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

23 Қазан, 2025

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

23 Қазан, 2025

«Уақытша ұстау изоляторына ұқсайды»: Семейдегі «Қазпошта» бөлімшесі сынға қалды

23 Қазан, 2025

Ресей дроны Харьковтағы балалар бақшасын қиратты: 48 бала аман қалды

23 Қазан, 2025

Алматы облысының ұстаздары «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында топ жарды

23 Қазан, 2025

Қарағанды облысында жаңа үлгідегі тағы бір мектеп ашылды

23 Қазан, 2025

БҚО-ның Бәйтерек ауданында 1200 орындық “Келешек мектебі” қолданысқа берілді

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.