Жетісу облысының прокуратурасы Панфилов ауданындағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында тігін цехын ашуды жоспарлаған «Bosya» ЖШС инвесторына қолдау көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo.
Құны 75 млн теңгеден асатын жоба жеке сот орындаушының жер учаскесіне салған заңсыз тыйымына байланысты үш айға тежелген.
Прокуратура араласқаннан кейін ғана сот орындаушысының заңсыз шектеу шаралары алынып тасталды және инвестор барлық қажетті құжаттарды рәсімдеп, жобаны іске асыруға кірісті.
Заң талаптарын бұзған кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.
Кәсіпкерлер мен инвесторлардың сигналдарына дереу жауап беру мақсатында облыс прокуратурасында Фронт-офис құрылып, тәулік бойы Мобильді топ жұмыс істейді.