Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы жергілікті прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.
«Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды» — делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, сотты болған экс басшы көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты өзге коммуналдық кәсіпорын басшысымен бірлесіп, аффилиирленген компания арқылы рәсімдеген.
Аталған факт арнайы прокурорлардың тексерісі нәтижесінде анықталып, тергеп-тексерілді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.