Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

12 Қыркүйек, 2025

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады
  • «Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты
  • «Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады
  • Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
  • Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты
  • Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
  • «Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады
  • «Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 12 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісу облысында тұңғыш рет көшпелі оңалту жобасы қолға алынды

Жетісу облысында тұңғыш рет көшпелі оңалту жобасы қолға алынды

6 марта, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысында тұңғыш рет әлеуметтік маңызы бар жоба – мүгедек жандардың үйінде көшпелі оңалту шараларын жүргізу қолға алынды. Аталған жоба «Асар» мүгедектерге арналған спорттық-оңалту орталығының базасында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Асар» орталығының директоры Елдос Баялышбаевтың айтуынша, бұл жоба орталыққа өздігінен келе алмайтындар үшін аса пайдалы.

«Біз жұмыс барысында мүгедектігі бар адамдардың көпшілігіне оңалту орталығына келудің қиындық туғызатынын байқадық. Күндізгі уақытта кейбіреулер жұмыста болса, кейбіріне үйлерінен орталыққа жету оңай емес. Сондықтан біз осы көшпелі оңалту жобасын қолға алдық. Біздің бұл маңызды бастамамызға облыс басшылығы қолдау білдірді», — деді Елдос Баялышбаев.

Жалпы бағдарламада пациенттердің екі тобы қамтылуда. Атап айтқанда, күндізгі шаралар өздігінен қозғала алмайтын азаматтарға бағытталып отыр. Ал сағат 21-ден 23-ке дейін түнгі топ жұмыс істейді. Бұл уақыт аралығында күндіз жұмыста болатындықтан орталыққа келе алмайтын мүгедек азаматтарға ем шаралары жүргізіледі. Жобаның ерекшелігі сол, мамандар пациенттердің үйіне барып, оларға сауықтыру массажы мен емдік дене шынықтыруын жасатады.

Әр сеанс шамамен бір сағатты алады, әр пациентпен жеке жұмыс жүргізіледі. Көшпелі бригада құрамында массажист, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мен жүргізуші бар. Бұл ретте мамандардың жұмысына қолайлы жағдай жасау үшін арнайы таңбаланған автокөлік сатып алынған.

Талдықорғандық отбасылар көшпелі оңалту шараларының игілігін алғашқылардың бірі болып көрді.

«Зайыбым Анар 11 жыл бұрын инсульт алды. Үшінші қабатта тұрамыз, арнайы көтергіш жоқ болғандықтан, сыртқа шығу, оңалту орталығына бару бізге қиындық туғызады. Қазір үйімізге келіп, оңалту қызметін көрсетіп жатыр. Бұл бізге өте қолайлы. Мамандардың тиісті ем шараларын жасап жатқанына он күндей болды. Осы бастаманы іске асырып жатқан азаматтарға алғыс айтамыз», – деді А. Басшығұлованың жұбайы Қанат Қосуханов.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевтың айтуынша, бұл жоба – тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыруға жасалған игі шараның бірі. Жыл соңына дейін осындай қызмет түрімен 200-ден астам адамды қамту жоспарланған. Алдағы уақытта көшпелі оңалту тобы облыс орталығы маңындағы аудандарға да шықпақшы. Бұл жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 30 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражат жобаға тартылған мамандарға, яғни көлік жүргізуші, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мен массажист маманның жалақысына жұмсалады.

Жалпы Жетісу облысында мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 69% құрап отыр. Бұл – республика бойынша бұл ең жоғарғы көрсеткіш. Биыл мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің шамамен 195 нысанын бейімдеу жоспарда бар. Облыс көлемінде қазір инватакси саны 32-ге жетті.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Оқылып жатыр

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

Соңғы жазбалар

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

12 Қыркүйек, 2025

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

12 Қыркүйек, 2025

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

12 Қыркүйек, 2025

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

12 Қыркүйек, 2025

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

12 Қыркүйек, 2025

«Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды

12 Қыркүйек, 2025

ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

12 Қыркүйек, 2025

«Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

12 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.