Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

17 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды
  • Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда
  • Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
  • «Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік сынға алды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?
  • «Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты
  • «Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді
  • «Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісу облысында туберкулез жұқтырғандар саны азайды

Жетісу облысында туберкулез жұқтырғандар саны азайды

29 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгінде Жетісу облысында туберкулездің эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Биыл 8 айда туберкулезбен сырқаттанушылық былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 жағдайға төмендеді (182 жағдай, көрсеткіш – 27,7).

Туберкулез – туберкулез микобактерияларымен шақырылатын, көбіне ауа-тамшылы жолмен таралатын жұқпалы ауру. Туберкулез адам ағзасында жиі өкпені зақымдайды; сондай-ақ лимфа бездері, ішек, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, сүйек, буын, ми, ми қабықшасы және басқа да ағзалар мен мүшелер зардап шегеді.

Аурудың жұғу көзі — белсенді өкпе туберкулезімен науқастанған адам. Науқас жөтелу, сөйлеу, түшкіру кезінде ауаға көптеп бактерияларды бөледі. Құрамында туберкулез қоздырғыштары бар ұсақ аэрозольдар ауада қалқып 1-1,5 сағатқа дейін сақталады, желдетілмейтін бөлмеде қоздырғыш сау адамның ағзасына енуі мүмкін.

“Жетісу облысында жыл сайын туберкулездің 260-270 жағдайы тіркеледі. Сырқаттанушылық балалар мен жасөспірімдер арасында да кездеседі. Мысал үшін 2024 жылдың 8 айында 6 бала және 5 жасөспірім науқастанған”,- деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

Туберкулезге әртүрлі адамдар әртүрлі дәрежеде сезімтал болып келеді, бірақ жиі иммундық жүйесі әлсіреген адамдар ауырады.

Иммундық жүйенің әлсіреуіне келесі факторлар әсер етеді:
➢ жеткіліксіз немесе құнарсыз тамақтану;
➢ уытты заттар (шылым, алкоголдік ішімдіктер, есірткі) пайдалану;
➢ қосалқы аурулары бар адамдар туберкулез ауруына бейім (АИТВ, қант диабеті, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, ұзақ уақыт гормоналды препараттарын қабылдайтын науқастар)  ;
➢ Стресстер. Стресс және депрессияның ағзаның иммундық жүйесіне кері әсерін тигізетіні дәлелденген.
Туберкулездің алғашқы белгілері:
— 2-3 аптадан аса ұзақ жөтел;
— тәбеттің болмауы;
— дене салмағының төмендеуі;
— жалпы әлсіздік, жайсыздық, тершеңдік (әсіресе түнгі уақытта);
— жұмысқа қабілеттің төмендеуі, шаршау;
— дене қызуының кезеңді жоғарылауы;
— кеуде тұсының ауруы.
Осындай белгілердің ең болмаса біреуі байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Туберкулез ауруы неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым одан тезірек айығуға болады.

Алдын алу шаралары:
1) Вакцинация – БЦЖ вакцинасы қолданылады. Туберкулезге қарсы екпе перзентханада Ұлттық күнтізбеге сәйкес 0-4 күн аралығында жасалады. Аталған екпеден ата-аналардың бас тартуы да кездеседі. Екпе баланы туберкулездің асқынған, өлімге әкелетін түрлерінен сақтайтынын ұмытпаған жөн.
2) рационалды, толыққанды тамақтану;
3) дене шынықтыру, спортпен шұғылдану,
4) темекі шегуден, есірткіден бас тарту, алкогольді қабылдауды шектеу,
5) еңбек және демалыс режимін сақтау,
6) стресстен, депрессиядан, жағымсыз эмоциялардан сақтану.
7) тазалықты сақтау (ылғалды жинау, жөтел этикетін сақтау).

Туберкулезді анықтау әдістері:
1) Жыл сайынғы флюорографиялық тексерулерден өту —  өкпе туберкулезі және кеуде қуысы органдарының басқа да ауруларын анықтаудың сенімді және қауіпсіз әдісі.
2) Балалар арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында терішілік аллергиялық сынама туберкулин (Манту сынамасы) қолданылады, Манту сынамасына «оң» нәтиже берген балалар «Диаскинтест» арқылы тексеріледі, ол баланың ағзасында туберкулез ауруының бар-жоқтығын көрсетеді.
3) Сондай-ақ, қоздырғышты анықтау үшін қақырықты микроскопиялық жолмен (микроскоп арқылы) зерттейді.

Оқылып жатыр

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

Атырауда жүкті әйелді зорлап, өлтіріп, үйін тонап кеткен сантехникке үкім шықты

«Екі көзі жас жігіттерде»: Бекболат Тілеуханның «су жаңа тоқалымен» елге оралуы наразылық тудырды (ВИДЕО)

Балаларының көзінше жағы мен мұрнын сындырған: Бұрынғы күйеуінен таяқ жеген алматылық әйел Президенттен көмек сұрады

Соңғы жазбалар

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

17 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

17 Қыркүйек, 2025

«Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік сынға алды

17 Қыркүйек, 2025

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

17 Қыркүйек, 2025

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025

Атырауда жүкті әйелді зорлап, өлтіріп, үйін тонап кеткен сантехникке үкім шықты

17 Қыркүйек, 2025

Тоқаев діндер съезіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.