Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Жетісу облысының «J-LEAGUE» жобасы аясында жасөспірімдер арасында футбол ойынының ақтық кезеңі басталды

Жетісу облысының «J-LEAGUE» жобасы аясында жасөспірімдер арасында футбол ойынының ақтық кезеңі басталды

11 Маусым, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Жетісу облысының «J-LEAGUE» жобасы аясында жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп» ойындарының ақтық кезеңі басталды. Талдықорғандағы «Жетісу» стадионында жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Облыс әкімі өз сөзінде «J-LEAGUE» жобасының бұқаралық спортты дамытудағы іргелі жобалардың бірі екенін, әсіресе ауыл балаларын қолдауға, спортқа бейімдеуге басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Сол сияқты жетісулық жас футболшылардың жуырда ел чемпионы атанғанын қуанышпен жеткізді:

— Бір атап өтерлігі, күні кеше ғана 2010 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан өткен республика чемпионатында жетісулық жас спортшылар Қазақстан чемпионы атанды. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш!  Спорт – адамды табандылық пен тәртіпке үйрететін тәрбиеші, денсаулықтың кепілі. Сондықтан жасөспірімдердің осындай жарыстар арқылы бұқаралық спорт түрлеріне көптеп тартылуы, салауатты өмір салтын ұстануға деген талпынысы бізді ерекше қуантады. Құрметті жас спортшылар! Бұл жарыс – сіздердің спорт жолындағы алғашқы белестеріңіздің бірі. Әр ойында қай-қайсыларыңыз да табандылық танытып, командалық мығым рухпен жеңіске қадам жасайсыздар деп сенемін, — деді Б. Исабаев.

Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының Өңірлік байланыстар департаментінің директоры Марат Такенов және қоғам белсендісі, спорт жанашыры Виктор Буков та сөз алып, жас спортшыларға ізгі тілектерін жеткізді.

Мұнан соң аудандық, қалалық футбол федерация президенттеріне жасөспірімдердің жергілікті, соның ішінде ауылдық футбол командалары үшін 2000 доп таратылды.

Осы орайда жас футболшылар да өз пікірлерін білдірді.

— Жетісу облысының футболдан жасөспірімдер командасының ойыншысы Бекжан Жақсыбай. Талдықорғанда өткен ел чемпионатындағы ақтық ойында Түркістан облысының командасымен ойнап 2:1 есебімен ұттық. Чемпионатқа қатысқан командалардың бәрі де мықты болды. Бірақ біз басым түсіп, чемпион атандық. Өзім бес жылдан бері футболмен айналысамын. Орталық қорғаушы ретінде ойнаймын. Ел чемпионатында «Үздік қорғаушы» номинациясын жеңіп алдым. Алдағы уақытта «Жетісу» командасының негізгі құрамында және ұлттық құрамада ойнағым келеді, — деді Жетісу облысының жасөспірімдер футбол командасының ойыншысы Бекжан Жақсыбай.

Сол сияқты бүгін «J-LEAGUE» футбол турнирінің ақтық сынана қатысуға келген Ақсу ауданы Қызылағаш ауылындағы І. Жансүгіров атындағы орта мектептің 7 «ә» сынып оқушысы Жеңіс Аслан:

— Футболға қатысып жүргеніме 1 жылдан асты. Командамызда 5-7 сынып оқушыларынан құралған. Жаттықтырушымыз Мәди Исағалиев бізге футболдың қыр-сырын жалықпай үйретіп келеді. Мен команданың қорғаушысымын. Ауданда өткен іріктеу турында 5 командамен ойнап, бәрін ұттық. Бүгін де жеңеміз деген сеніммен келдік. Болашақта Абат Айымбетовтей мықты ойыншы болғым келеді, — деді ол.  

Бұдан әрі Жетісу облысының «J-LEAGUE» жобасы аясында жасөспірімдер арасындағы футбол жарысы «Болашақ» стадионында басталды.

Атап өтсек, «J-LEAGUE» жобасы — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмасына сәйкес Жетісу өңірінде қолға алынған игі бастама. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, экстремизм мен терроризмнің,  нашақорлықтың, алкоголизмнің алдын алу, балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жеңіске деген жігерін ояту, тәжірибе жинауына мүмкіндік жасау, демалысын тиімді ұйымдастыру.

Жоба аясында биыл жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп», волейболдан «Шұбар доп», баскетболдан «Алтын доп» жарыстарын өткізу қолға алынған болатын. 19 сәуір мен 18 мамыр аралығында спорттың аталған түрлерінен аудан-қалаларда іріктеу турнирлері өтіп, оған 887 команда, яғни 8870 бала қатысқан. Соның ішінде бүгінгі «J-лига» футбол жарысының ақтық сынына 90 үздік команда, 900-ге жуық жас спортшы жолдама алды. Енді жас футбошылар арасындағы ақтық жарыс 14 маусымға дейін жалғасады.

Атап өтсек, 3 жас ерекшелігі бойынша  жеңімпаз атанған 9 команданың ойыншыларына, яғни 90 балаға жазғы демалыс лагерьлеріне тегін жолдама беріліп, спорттық киімдер мен доптар сыйға тартылады.

«J-LEAGUE» Жетісу облысы футбол

Оқылып жатыр

«Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады

Жетісудың Көксу ауданында соңғы үш жылда 46,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тұрғын үй пайдалануға берілді

Жетісуда «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды

«Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң мен Тәртіп»: Жетісуда тақырыптық муралдар салынды

Жетісуда шекаралық аудандарды электрмен сенімді жабдықтау мақсатында ауқымды жобалар іске асырыла бастады

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.