Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жетісу облысында аутизммен ауыратын бала 3 күннен бері табылмай жатыр

11 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысының Көксу ауылында аутизмге шалдыққан ерекше бала жоғалып кетті. Есік алдында ойнап жүрген үш жасар Алдияр көшеге шығып кеткен, содан бері үш күн өтті. Оны 400 адам іздеп жатыр. Қазір сүңгуірлер елдімекендегі ағысы қатты өзенді сүзуге кіріскен. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Үш жасар Алдияр – отбасындағы тоғыз баланың жетіншісі. Мінезі тұйық, ерекше бүлдіршін бауырларына қосылмай, жалғыз жүргенді ұнатады екен. 7 қыркүйекте күндіз бәрі аулада ойнап жүргенде, анасы 15 минутқа ас үйге кіріп кетіпті. Сол аралықта баласы жоғалып кеткен.

“Бүгін – үшінші күн. Не ойларымды да білмеймін. Жүрегім табылады дейді, жүрегім тып-тыныш, табылады деген сеніммен аяққа тұрмыз. Ел-жұрт қарап жатыр. Табылып қалады деген үміттемін”, – деді Алдиярдың анасы Айнұр Бекжанова.

Көксу тұрғындары Алдиярды іздеп жатыр. Сөздерінше, ауылды түгел қарап шыққан. Өкінішке қарай бала әзірге табылған жоқ.

“Біреулер алып кетті немесе суға түсіп кетті ме деген болжам бар. Үйдің маңайындағы шұңқырдан да қарадық, онымен таба алмай жатырмыз. Бұрын ауылымыздан ештеңе жоғалып көрген жоқ. Малымыз да жоғалмайтын, тыныш ауыл болатын”, – деді Көксу ауылының тұрғыны Мейраш Шамшарова.

Жедел іздестіру тобы, ауыл халқы мен еріктілер әр үйдің ауласын, қорасын түгел қарап шыққан. Үйдің іргесінде ағыны қатты өзен бар. Сенбіде баланы сол маңнан көргендер де болған екен. Сондықтан Мұқаншы су айдынын сүзіп шығу үшін сүңгуірлер шақыртылған.

“Іздестіру жұмысына 400-ге жуық адам қатысты. Шұңқыр, шатырлар, дәретханалардың тесіктерін, үйдің ішін тексеру жұмыстарын жүргіздік. Одан кейін осы ауылдың жан жағындағы жабайы өскен ағаштар, жыңғыл, егістік жерлер – сол жерлерден іздедік. Судың ішінде де іздестіріп жатырмыз”, – деді Жетісу облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайсар Мұхметов.

Бала үйден шығып кеткенде, үстіне сұр жемпір, қара шалбар киген. Аяқ киімі ақ түсті. Полиция бүлдіршінді көрген-білгендер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

аутизммен ауылында ауыратын бала бері жатыр Жетісу күннен Көксу облысының табылмай

Оқылып жатыр

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

Соңғы жазбалар

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.