Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев Жаркент қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара балалар психологтары мен сарапшыларын шақыра отырып, ашық пікірталас форматында өтті. Оқушыларға есірткі, лудомания және қорқыту сияқты жағымсыз құбылыстардың зияны, сондай-ақ олардан мүмкін болатын ауыр зардаптар туралы айтылды.
Профилактикалық әсерді күшейту үшін, оқушыларға жаман әдеттердің салдарын бейнелейтін тақырыптық бейне роликтар көрсетілді.
Соңында Мадияр Басшыбаев мұндай іс-шаралар енді жастармен профилактикалық жұмыстың тұрақты бөлігіне айналатынын атап өтті, өйткені олардың мақсаты — өскелең ұрпақты қауіпті жағдайлардан қорғау және қоғамда салауатты, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал ету екенін атап өтті.