Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Ата-аналар баланы вирус маусымында қалай қорғау керек — дәрігер

19 Қараша, 2025

«Махаббат пен мейірімнің жетіспеушілігі ең ауыр азап»: Желіде марқұм Аягүл Мантайдың жазбасы тарады

19 Қараша, 2025

Жетісуда Панфилов ауданындағы елді мекендердің тең жартысы газға қосылуға мүмкіндік алды

19 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ата-аналар баланы вирус маусымында қалай қорғау керек — дәрігер
  • «Махаббат пен мейірімнің жетіспеушілігі ең ауыр азап»: Желіде марқұм Аягүл Мантайдың жазбасы тарады
  • Жетісуда Панфилов ауданындағы елді мекендердің тең жартысы газға қосылуға мүмкіндік алды
  • «Орнына мешіт салу керек»: Қоғам белсендісі өртке оранған үйге қатысты ұсыныс айтты
  • «Ең үлкен қателік»: Астанада жасөспірімдерге есірткінің қауіптілігі ашық түсіндірілді
  • Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды
  • Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды
  • Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 19 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Жетісуда Панфилов ауданындағы елді мекендердің тең жартысы газға қосылуға мүмкіндік алды

Жетісуда Панфилов ауданындағы елді мекендердің тең жартысы газға қосылуға мүмкіндік алды

19 Қараша, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Панфилов ауданында 26 елді мекен газдандыруға жатады. Бүгінгі күні Жаркент қаласы толық газдандырылды, деп хабарлады Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Қалған 25 елді мекенді газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның 12-сінде бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұл ретте тұрғындарының саны 1900-ден асатын Ават және Ақкент ауылдарына газ жеткізілді, ал осы аптаның соңына дейін Нәдек ауылына көгілдір отын беріледі. Сөйтіп жыл аяғына дейін аудандағы елді мекендердің тең жартысы газдандырылады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.

Өңір басшысының айтуынша, қалған 13 елді мекенде ауылға дейінгі газ құбырының құрылысы биыл аяқталып, келесі жылы ауылішілік газ тарату желілері жүргізілетін болады.

— Соның нәтижесінде келесі жылдың соңына дейін ауданның 114,3 мың тұрғыны, яғни 85%-ы табиғи газға қол жеткізе алады, — деп атап өтті Б. Исабаев.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Осы орайда аудандағы 40 елді мекеннің бәрі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді, соның ішінде Жиделі ауылына биыл жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, сапалы ауыз сумен қамтылды.

Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру мақсатында қолға алынған бағыттың бірі – тұрғын үймен қамту. Бұл ретте облыс басшысы осы жылдың 24 мамырынан кезекке қою және тұрғын үй беру функциясы жергілікті атқарушы органдардан Отбасы банкіне өткенін, енді тұрғын үйлер осы банк арқылы берілетінін еске салып, былтыр ауданда құрылысты қарқынды жүргізудің арқасында 480 пәтер мен 140 жеке тұрғын үй қолданысқа берілгенін атап өтті. Ал жыл соңына дейін 120 пәтер мен 200 жеке тұрғын үйді тапсыру көзделген. Аталған үйлер Отбасы банкі арқылы кезең-кезеңімен беріліп, тұрғын үй кезегі 4%-ға қысқарады деген жоспар бар. Сонымен қатар ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік осал отбасыларды тұрғын үймен қамту үшін Шолақай ауылында 373 жер учаскесіне инженерлік желілер жүргізілуде, құрылыс келесі жылдың тамыз айында аяқталады.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында қабылданып жатқан шараларға жан-жақты тоқталған аймақ басшысы тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Мәселен, Алмалы ауылының тұрғыны ауылдың дамуына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Ол ауылда амбулатория салынғанын, заманауи ветеринарлық пункт жұмыс істейтінін, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес бірнеше көшеге асфальт төселіп, жарықтандыру жүргізілгенін атап өтті. Енді қазіргі мәдениет үйі мен мектеп ғимараты 70-80 жылдары салынғандықтан, жаңа мәдениет үйі мен мектеп салу қажет екенін жеткізді.

Мектеп құрылысына қатысты сұрақтарды Қоңырөлең, Кішішыған ауылдарының тұрғындары да қойды. Жауапта айтылғандай, Алмалы ауылындағы мектеп құрылысына бюджеттік өтінім келесі жылы беріледі. Ал Қоңырөлең, Кішішыған ауылдарындағы мәдениет үйі мен мектеп құрылысына қатысты мәселелер қосымша қаралатын болады.

Сарыбел ауылының тұрғыны ауыз су сапасына қатысты мәселе көтерді. Баяндамада айтылғандай, су құбыры желілерін жаңғырту жобасы дайындалған, бұл мәселе оң шешімін табады. Сонымен қатар Қырыққұдық және Шолақай ауылдарында су құбыры желілерінің жаңғыртылуы аяқталды. Осындай жұмыстар биыл Керімғаш ауылында да басталған, нысанның құрылысы келесі жылы жалғасады. Бұдан бөлек, Үшарал ауылының ауыз суы сапасын жақсарту бойынша жоба әзірленген.

Көктал ауылының тұрғыны Л. Асанова көшесін жөндеу туралы сөз қозғады. Жауапта айтылғаннан белгілі болғаны, Жаркент қаласында Е.Сыпатаев көшесі жөнделген, алдағы жоспар бойынша Л. Асанова көшесін де жөндеу жоспарда бар. Жалпы, биыл ұзындығы 29 шақырымды құрайтын жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына 3,5 млрд теңге бөлінген.

Сондай-ақ тұрғындар суармалы сумен қамтамасыз ету, мектептерді күрделі жөндеу, көп қабатты үйлердің шатырын, қасбетін жөндеу мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша Панфилов ауданы облыстағы ең үздік аудан деп танылды. Бұл – аудан халқының ортақ еңбегінің нәтижесі. Біз өз тарапымыздан  тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. Ең бірінші кезекте сапалы ауыз сумен қамту, жол жөндеу, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу мәселелері шешілуде. Газдандыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Жалпы, Панфилов ауданы –экономикалық әлеуеті жоғары, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, логистика, туризм салаларын дамытуға жақсы мүмкіндіктері бар, Жетісу облысының дамуына елеулі үлес қосып отырған өңір, – деді сөзінің қорытындысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Атап өтсек, осы күні өңір басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер негізінен мемлекеттік қолдау мен әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтар қойды.

Оқылып жатыр

Жыл басынан бері Жетісу облысына 330,3 млрд теңге инвестиция тартылды

Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды

«Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады

Жетісудың Көксу ауданында соңғы үш жылда 46,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тұрғын үй пайдалануға берілді

Жетісуда «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды

Соңғы жазбалар

Ата-аналар баланы вирус маусымында қалай қорғау керек — дәрігер

19 Қараша, 2025

«Махаббат пен мейірімнің жетіспеушілігі ең ауыр азап»: Желіде марқұм Аягүл Мантайдың жазбасы тарады

19 Қараша, 2025

Жетісуда Панфилов ауданындағы елді мекендердің тең жартысы газға қосылуға мүмкіндік алды

19 Қараша, 2025

«Орнына мешіт салу керек»: Қоғам белсендісі өртке оранған үйге қатысты ұсыныс айтты

19 Қараша, 2025

«Ең үлкен қателік»: Астанада жасөспірімдерге есірткінің қауіптілігі ашық түсіндірілді

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

19 Қараша, 2025

«Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

19 Қараша, 2025

Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

19 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.