Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

12 Қыркүйек, 2025

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады
  • «Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты
  • «Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады
  • Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
  • Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты
  • Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
  • «Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады
  • «Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 13 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісуда Алғыс күніне орай ардагерлер мен аналарды құттықтап, жүз отбасына қайырымдылық жасады

Жетісуда Алғыс күніне орай ардагерлер мен аналарды құттықтап, жүз отбасына қайырымдылық жасады

1 марта, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысында Алғыс айту күніне орай «Алғыс керуені» басталды. Шара аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшесінің бірі «Жомарт жан» орталығы мен өңірдің іскер әйелдер кеңесі 100 отбасыға қайырымдылық көмек жасады, деп хабарлайды Todayinfo Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, өңірде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Алдымен қалыптасқан дәстүр бойынша жұртшылық Қаратал ауданының Бастөбе ауылында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Өңір басшысының атынан жиынға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады.

Сол сияқты монумент алдындағы жиында облыстық корей этномәдени бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Виктор Пак сөз алды:

«Сонау 30 жылдардағы қасіретті жылдардың жаңғырығы жылдар өте алыстағанымен, әлі жадымызда. Қазақстанға 130 мыңнан астам корей өкілдері қоныс аударды. Азап тартып, аштық көріп, Отанынан жырақтаған біздің ата-бабаларымызды қазақ халқы өздері де қиыншылық көріп отырғанына қарамастан құшағын ашып, қолында барымен бөлісті, баспана салуға, тұрмысын түзеуге көмектесті. Депортацияланған халық соның арқасында бөтендік көрген жоқ, қазақ жерін өз Отанындай қабылдады. Сондықтан 1 наурыз Алғыс айту күнінде барша қазақ халқына алғыс айтамын», — деді.

Бұл мерекеде ардагерлер де назардан тыс қалған жоқ. Облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов Ассамблеяның 20 ардагерін және Ұлы Отан соғысының 3 ардагерін құттықтап, облыс басшылығының атынан ізгі тілегін білдірді.

Осы күні Ассамблея мүшелері «Біздің балаларымыз» акциясының аясында жас аналарды құттықтау үшін облыстық перинаталдық орталыққа арнайы барып, осы күні өмірге келген нәрестелерге қажетті жиынтықтарды сыйға тартты. Құрметке ие болған әйел-аналардың бірі Әсем Малдыбекова жеті ұлдан кейін бүгін сегізінші перзенті – қыз баланы өмірге әкелді.

«Үлкен ұлымыз 11 сыныпта оқиды, ал кішіміз 1 жаста. Енді, міне, отбасымыз кішкентай нәрестемен толығып жатыр. Күйеуім жүк көлігінің жүргізушісі. Қызымыздың есімін қалай қоямыз деп ақылдасып жатырмыз. Ілтипат деген ат қойсақ па деген ойымыз бар. Бізге бүгін сый-құрмет көрсетіп жатқан барша азаматтарға алғыс айтамын», — дейді Ә. Малдыбекова.

Сондай-ақ бүгін облыс көлемінде барлық аудан-қалаларда аз қамтылған 100 отбасына қайырымдылық іс-шаралары көрсетілді.

Еске салсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты 70-тен астам кешенді іс-шаралар өткізу жоспарланып, сол қатарда бүгін Талдықорғандағы Достық үйінде ескерткіш тақта орнатылды.

Оқылып жатыр

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

Соңғы жазбалар

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

12 Қыркүйек, 2025

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

12 Қыркүйек, 2025

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

12 Қыркүйек, 2025

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

12 Қыркүйек, 2025

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

12 Қыркүйек, 2025

«Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды

12 Қыркүйек, 2025

ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

12 Қыркүйек, 2025

«Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

12 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.