Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Жетісуда ауыл әкімі әйел зорламақ болған». Шенеунік жалақорды сотқа бермек

7 Тамыз, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Ақсу ауылы әкімінің «өте ерсі қылығы» жайлы дерек тарады. Мұрат Орманов есімді азаматтың айтуынша, ауылдағы күйеуі, бала-шағасы бар әйелдің үйіне түнде біреу терезесінен кіріп, есігін ашқан. Сосын, ауыл әкімі есігінен кіріп, әйелді зорламақ болған, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі  Halyq Uniне сілтеме жасап. 

Мұрат Орманов бұл жағдайды әлеуметтік желіге жариялаған бейнежазбасында айтып берген. Мұндай әрекетті тіпті, сол әкім бір емес, осымен екінші рет жасап отырғанын айтады.

Неге іс қозғалмайды? Бұған жергілікті, өзіміздің облыстағы әкімшіліктің қатысы жоқ. Бірақ бір ұйымдармен келісе отырып, «сені бостандыққа жібереміз, кешірімді қандай жағдай болмасын, алуың керек» деген. Соның дәлелін тауып жатырмын. Бұл әкімнің «крышасы» мықты кісі. Енді осы істің бәрі бұрмаланып, ол әкім құтылып кетсе, таңғалмаймын, – дейді Мұрат Орманов.

 

Жетісу облысы полиция департаменті осы айтылған жағдайға қатысты тергеу басталғанын, яғни, «үйге заңсыз кіру дерегі» бойынша қылмыстық істі тергеп жатқандарын мәлімдеді. Қазір барлық мән-жай анықталу үстінде. Сонымен қатар, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Біз осы жағдайға қатысты Ақсу ауылдық округінің әкімі Ілияс Әлімұлы Райымқұловтың өзіне хабарласып, жағдайды өз аузымен түсіндіріп беруін сұрадық.

«Дүкен ұстайтын үйге түнгі уақытта темекі, шемішке, «кола» алайын деп, жанымда бір бала болған, сол екеуміз барғанбыз. Машинадан түсіп барып тоқылдатты, қоңырауын басты. Мен машинада тосып отырдым. Ешкім шықпады. Сонымен біз қайтып кеткенбіз. «Терезеден кірді» дегені мүлде өтірік. Оны қайдан құрастырып жатқанын білмеймін», – дейді ол.

Ал бұл әңгімені таратқандар өзін жұмыстан кетіру үшін жала жауып жатқанын айтты. Оның сөзінше, арызданған және әлеуметтік желіге жариялап отырған адамдар әкімге басынан бастап қарсы болып, «күнде әлеуметтік желіге дақпырт салып отырған».

Әсіресе, Мұрат Ормановтың бұрынғы әкіммен жақсы болғанын, қазіргі әкім – Ілияс Райымқұловқа сайлауға түскеннен бастап қарсы болып, ылғи жала жауып жүргенін жеткізді. Араларында мұның алдында да шикілік болған.

Соған байланысты әкім заңгер жалдап, жала жауып отырған кісінің үстінен арызданып жатыр. Дүкен ұстайтын адамның «үйіме заңсыз кірді» деп қана арызданғанын, ал «зорлады» деген әңгіме мүлде шындыққа жанаспайтынын айтты. Бірақ неге олай жала жауып отырғанын тағы түсіне алмаған. Айтуынша, «бір емес, екінші рет» деген сөзі де өтірік.

«Егер шынымен сондай жағдай болса, мен барып, кешірім сұрап, бірден шешіп тастайтын едім. Мен де сол себепті соңына дейін барып жатырмын. Өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеймін», – дейді Ілияс Райымқұлов.

 

 

ауыл бермек болған жалақорды Жетісуда зорламақ сотқа Шенеунік әйел әкімі

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.