Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды

22 Қазан, 2025

Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады

22 Қазан, 2025

«Есі ауысқан ба?»: Боксшы Биволдың экс-әйелі қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын сөздер айтқан

22 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды
  • Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады
  • «Есі ауысқан ба?»: Боксшы Биволдың экс-әйелі қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын сөздер айтқан
  • «Таза өңір – жарқын болашақ»: ақмолалық жастар экологиялық бастаманы қолдады
  • «Бұл өте маңызды мәлімдеме»: Пашинян Тоқаевқа алғыс айтты
  • «Бөтен тілді қоя тұр»: Санжар Керімбай бала 13 жасқа толғанша қазақша өсірген дұрыс екенін айтты
  • Президент кортежі кесірінен жүкті әйел ауруханаға жете алмай қаза тапты
  • Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған II Шахмат олимпиадасы жалғасуда: екінші турдың қорытындылары
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 22 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жетісуда Республика күні қарсаңында ескерткіштер жаңғыртылып, жаңа сквер ашылды

22 Қазан, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Республика күні қарсаңында Ескелді би, Балпық би,  Қаблиса жырау мен Қабанбай батырға арналған ескерткіштерді жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл ескерткіштер Талдықорған қаласында орнатылған. Сонымен қатар облыс орталығында жаңа сквер пайдалануға берілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін қазан айының басында облыс әкімі Бейбіт Исабаев қаланы аралау барысында Ескелді би, Балпық би мен Қаблиса жырауға арналған «Үш ата» ескерткішін қалпына келтіру жұмыстарына қатысты бірқатар ескертпелер айтқан болатын. Мұнан кейін мердігер ұйым тарапынан тиісті шаралар қабылданды, атап айтқанда брусчаткалар ауыстырылып, сатының гранит тастары қайтадан төселді. Мүсіннің бояуы жаңартылды, ескерткіштің маңайы абаттандырылды, жарық шамдары орнатылды.

Сол сияқты Қабанбай батыр ескерткішінің де гранит қаптамалары ауыстырылып, жазбалары жаңғыртылды, монументі мен орындықтар боялды.

Атқарылған жұмыстардың сапасымен қала әкімі Ернат Бәзіл және ардагерлер мен Қоғамдық кеңес мүшелері танысты. Ардагерлер мәдени мұраларымызды сақтаудың маңызы зор екенін тілге тиек етіп, ескерткіштерді жаңғыртқан құрылысшыларға ризашылығын білдірді.

— Ата-бабаларымызға құрмет көрсету – біздің қасиетті борышымыз. Ата-баба мұрасын насихаттап, еліміздің тарихын тереңірек танып-білуіміз қажет, — деді ардагер журналист, «Алаш» сыйлығының иегері Әміре Әрін.

Атап өтсек, облыста жыл басынан бері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған 112 ескерткіш ағымдағы жөндеуден өткізілген.

Осы күні облыс орталығының «Бірлік» шағын ауданында 0,62 га болатын жаңа сквер пайдалануға берілді. Онда автоматты суару жүйесі, жарық шамдары орнатылып, газон төселген. Әткеншектер, орындықтар, беседкалар, балалар ойын алаңы бар. Осы скверде күзгі уақытта 175 жапырақты және қылқан жапырақты ағаш егіледі деп жоспарланып отыр. Бұл тұрғындар үшін қолайлы демалыс орны болмақ.

«Бірлік» шағын ауданының тұрғындары сквердің ашылғанына қуанып отыр:

— Төрт жыл бұрын осында көшіп келдім. Енді үйдің жанында керемет паркіміз бар, енді ол таза ауада отырып тынығуға болатын демалыс орнымыз болады. Мектеп те паркке өте жақын орналасқан. Тұрғындардыңәл-ауқатына көңіл бөліп жатқан барша азаматтарға үлкен алғысымды білдіремін, – деді шағын аудан тұрғыны Назгүл Нұрланқызы.

Оқылып жатыр

Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді

Ақсу қант зауыты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін өнім қабылдайды

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Жетісуда ауыл тұрғындарының өтініштері кезең-кезеңімен орындалып жатыр

«Тоқаевтың атын жамылған алаяқ»: мәслихат депутаты жетісулық кәсіпкерді 130 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды

22 Қазан, 2025

Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады

22 Қазан, 2025

«Есі ауысқан ба?»: Боксшы Биволдың экс-әйелі қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын сөздер айтқан

22 Қазан, 2025

«Таза өңір – жарқын болашақ»: ақмолалық жастар экологиялық бастаманы қолдады

22 Қазан, 2025

«Бұл өте маңызды мәлімдеме»: Пашинян Тоқаевқа алғыс айтты

22 Қазан, 2025

«Бөтен тілді қоя тұр»: Санжар Керімбай бала 13 жасқа толғанша қазақша өсірген дұрыс екенін айтты

22 Қазан, 2025

Президент кортежі кесірінен жүкті әйел ауруханаға жете алмай қаза тапты

22 Қазан, 2025

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған II Шахмат олимпиадасы жалғасуда: екінші турдың қорытындылары

22 Қазан, 2025

«Мұны қалайша қылмыс деуге болады?»: Атырау тұрғыны «жалған стоматологиялар» ісі бойынша президентке үндеу жасады

22 Қазан, 2025

Жаңаарқада Президент Жолдауындағы міндеттерді орындау тетіктері талқыланды

22 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.