Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

29 Қазан, 2025

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

29 Қазан, 2025

Жасанды интеллект дәрігерлерге инсульт кезінде адам өмірін құтқаруға көмектеседі

29 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді
  • Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен
  • Жасанды интеллект дәрігерлерге инсульт кезінде адам өмірін құтқаруға көмектеседі
  • Қарағандыда «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына дем берген меморандумға қол қойылды
  • Жасанды интеллект, роботтар және жүрек трансплантациясы: Алматыда болашақ медицинасы енгізіліп келеді
  • Алматыда әлеуметтік осал топтарын қолдау күшейтіліп, цифрлық қызмет көрсету енгізіліп отыр
  • Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,4 %-ға дейін қысқарды
  • Алматының Наурызбай ауданында буферлік аймақтарды кешенді көркейту жобасы жүзеге асырылып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 29 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жетісуда «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды

29 Қазан, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: ҚазАвтоЖол

Жетісу облысында жалпы ұзындығы 178 шақырым болатын «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, бірнеше кезеңмен атқарылған болатын. Енді республикалық жол барлық талаптарға сай жасалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Аудан тұрғындары жөнделген жолдың сапасына ризашылығын білдіруде. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердің қиылыстарында жарықтандыру шамдары орнатылып, жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер жаңартылды. Көліктердің шамадан тыс жүк тасымалдауының алдын алу мақсатында «Сарыөзек-Көктал» автожолының 50-ші шақырымына автоматтандырылған салмақ өлшеу жүйесі орнатылды. Осындай жүйе жолдың 7-шақырымына, яғни «Алацем» цемент зауытының жанындағы учаскеге де орнатылуда.

— Жалпы алғанда қойылған барлық талаптар нормативтерге сәйкестендірілді. Сарыөзек елді мекені мен Алтынемел асуының арасында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына арналған бөлек технологиялық жол салынды. 65-шақырымда карьерлер орналасқан және осы технологиялық жол арқылы техникалардың қозғалысы жүзеге асырылады, — деді «Қазавтожол» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жасұлан Қалтаев.

«Сарыөзек – Көктал» тас жолы Қойбын шатқалындағы Көмбе өзені арқылы өтеді. Мұнда көлік қозғалысы үшін жаңа көпір қолданысқа берілді.  Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың наурызында басталған. Сарыөзек, Қоңырөлең, Ақжазық ауылдарының жол жиегіне электр жарығы тартылып, жаяу жүргіншілер өткелі мен жол белгілері жаңартылған.

Атқарылған жұмыстарға аудан тұрғындары пікір білдірді.

— Бұрын жолдың ой-шұңқырынан көлікпен жүру өте қиын еді. Автокөлігіміз жиі бұзылып, қайта-қайта жөндетуге тура келетін. Оған қоса жол қауіпсіздігіне де алаңдайтынбыз. Қазір жол сапасы түзу, сапалы жасалды, — деді Алмас Мырзаев.

Қоңырөлең ауылының тұрғыны Бақыт Таштахметова да жолдың жөнделгеніне риза:

— Қазір жол жиегіне жаяу жүргіншілер жолы салынды, Көктал ауылының бұрылысына дейін жарықтандырылды. Кешкілік маңай жарық, еркін жүріп-тұруға болады. Оған қоса ауылға келетін жедел жәрдем жұмысына да қолайлы болды. Ауылға кешкі уақытта Көктал ауылынан шақырылатын жедел жәрдем көлігі бұрын  шамамен бір сағаттан артық уақытта жететін, қазір жол жөнделгеннен бері небары 30-35 минутта келеді, — дейді ол.

Атап өтсек, соңғы үш жылда Жетісудың Кербұлақ және Панфилов аудандарының  аумағындағы республикалық маңызы бар жалпы ұзындығы 241 шақырым жол жөнделді. Атқарылған жұмыстар жол жабынын белгіленген нормативтік талаптарға сай жақсы техникалық күйге келтіруге мүмкіндік берді.

Оқылып жатыр

«Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң мен Тәртіп»: Жетісуда тақырыптық муралдар салынды

Жетісуда шекаралық аудандарды электрмен сенімді жабдықтау мақсатында ауқымды жобалар іске асырыла бастады

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді

Республика күні қарсаңында Жетісу облысында Арнаулы мемлекеттік қор қаржысына салынған 8 жаңа медициналық нысан ашылды

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

Соңғы жазбалар

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

29 Қазан, 2025

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

29 Қазан, 2025

Жасанды интеллект дәрігерлерге инсульт кезінде адам өмірін құтқаруға көмектеседі

29 Қазан, 2025

Қарағандыда «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына дем берген меморандумға қол қойылды

29 Қазан, 2025

Жасанды интеллект, роботтар және жүрек трансплантациясы: Алматыда болашақ медицинасы енгізіліп келеді

29 Қазан, 2025

Алматыда әлеуметтік осал топтарын қолдау күшейтіліп, цифрлық қызмет көрсету енгізіліп отыр

29 Қазан, 2025

Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,4 %-ға дейін қысқарды

29 Қазан, 2025

Алматының Наурызбай ауданында буферлік аймақтарды кешенді көркейту жобасы жүзеге асырылып жатыр

29 Қазан, 2025

Алматыда дін саласындағы өзекті мәселелерді насихаттаған үздік авторлар марапатталды

29 Қазан, 2025

«Қызметі үшін баласынан безді»: Түркістан облысының ең жас депутаты Мәжіліс депутатына шүйлікті

29 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.