Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

13 Қыркүйек, 2025

Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды

13 Қыркүйек, 2025

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

13 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды
  • Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды
  • Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр
  • Қазақстан Палестинаның егемендігі туралы резолюцияны қолдады
  • «Дөңгелегін жөндеген»: жол шетіне тоқтаған екі жас жігітті көлік қағып кетті
  • Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуре салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)
  • Айдос Сарым депутаттарға бөлінетін 195 млн теңгені аз санайтынын айтты
  • Әлемді таңқалдырған айқас: Айбек Оралбай аты аңызға айналған кубалықты жеңді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 13 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісуда зауыттарға өткізілген қант қызылшасына берілетін субсидия толық төленді

Жетісуда зауыттарға өткізілген қант қызылшасына берілетін субсидия толық төленді

24 февраля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысында Ақсу және Көксу қант зауыттарына өткізілген таза салмағы 560 мың тонна қант қызылшасына 14 млрд. теңге субсидия толық көлемде төленді, деп хабарлайды Todayinfo Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, қант қызылшасы бойынша субсидиялауға 679 өтінім түскен. Соған сәйкес шаруаларға субсидия толық көлемде төленді.

Сондай-ақ Ақсу және Көксу қант зауыттары қабылдаған қант қызылшасы үшін шаруа қожалықтарына 8,4 млрд. теңге төледі.

«Біз Ақсу, Көксу зауыттарына қант қызылшасын өткізгенбіз. Бүгінгі күні екі зауыт та шаруашылықтарымызбен тиесілі есеп айырысып болды. Қазіргі кезде басым дақылдарға берілетін субсидияны алдық, соның арқасында көктемгі дала жұмыстарына дайындығымыз қызу жүріп жатыр. Жалпы көктемгі егіске қажетті техникаларды жөндеу жұмыстарын осыдан бір ай бұрын бастағанбыз. Қазір егістік алқаптарға керекті тұқымға тапсырыс беріп қойдық. Біз жыл сайын қант қызылшасын кем дегенде 100 гектар жерге себеміз. Биыл да қант қызылшасын, жүгері, майбұршақ сияқты бірқатар дақыл егуді жоспарлап отырмыз. Көктемгі дала жұмыстарына жеңілдік бағамен берілетін жанар-жағармай алатын қаржымыз да дайын», — дейді Көксу ауданындағы «Кең дала» шаруа қожалығының басшысы Қалибек Алпысбаев.

Еске салсақ, өткен жылы Жетісу облысында қант қызылшасының егіс алқаптары 13,7 мың гектар болды. Одан жалпы 635,0 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділігі гектарына 465,0 центнерден айналды.

Алынған өнімнің 5 мың тоннасы мал азығына бағытталса, 630 мың тоннасы зауыттарға өткізілді, оның 560 мың тоннасы таза салмақты құрады.

Оқылып жатыр

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

Қазақстан Палестинаның егемендігі туралы резолюцияны қолдады

«Дөңгелегін жөндеген»: жол шетіне тоқтаған екі жас жігітті көлік қағып кетті

Айдос Сарым депутаттарға бөлінетін 195 млн теңгені аз санайтынын айтты

Соңғы жазбалар

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

13 Қыркүйек, 2025

Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды

13 Қыркүйек, 2025

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

13 Қыркүйек, 2025

Қазақстан Палестинаның егемендігі туралы резолюцияны қолдады

13 Қыркүйек, 2025

«Дөңгелегін жөндеген»: жол шетіне тоқтаған екі жас жігітті көлік қағып кетті

13 Қыркүйек, 2025

Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуре салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)

13 Қыркүйек, 2025

Айдос Сарым депутаттарға бөлінетін 195 млн теңгені аз санайтынын айтты

13 Қыркүйек, 2025

Әлемді таңқалдырған айқас: Айбек Оралбай аты аңызға айналған кубалықты жеңді

13 Қыркүйек, 2025

«Ұлым өлді деп ақша жинаған»: Астаналық келіншек әріптестерінен 2 млн теңге жинап алған

13 Қыркүйек, 2025

Маңғыстаудағы жол апатынан қаза болған жеті әйелдің есімі жарияланды

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.