Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Жетісудың 3 жылдығына арналған бейнеқұттықтаулар: Елге танымал тұлғалар ізгі тілегін жолдады

Жетісудың 3 жылдығына арналған бейнеқұттықтаулар: Елге танымал тұлғалар ізгі тілегін жолдады

8 Маусым, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай Жетісуда туған елімізге танымал тұлғалардың бейнеқұттықтаулары жолдануда. Құттықтаушылар қатарында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, мәдениет, білім, спорт саласының қайраткерлері т.б. танымал азаматтар бар, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқылардың бірі болып құттықтағандардың ішінде қазақстандық ұшқыш, Әскери-әуе Күштерінің генерал-майоры Айдын Айымбетов те бар.

«Құрметті жерлестер! Баршаңызды облыстың 3 жылдығымен құттықтаймын. Облыста осы үш жыл ішінде тұрғын үйлер салынып, жаңа шағын аудандар бой көтеруде. Жолдар жөнделіп, туризм дамытылуда. Туған өңіріміз бұдан әрі де өсіп-өркендей берсін!», — деді ұшқыш, Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов.

Жетісулықтарға Парламенттің VII шақырылымының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен де ізгі тілегін жолдап:

«Үш жылдық мерекемен құттықтай отырып, Жетісуымның елінде, жерінде, шалғай әрбір ауылында береке-бірліктің болғанын тілеймін. Жетісу халқының еңсесі биік, болашағы кемел болсын. Жастары жарқырап өсе берсін», — деді ол.

Кеңестік және қазақстандық киноактер, Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржұман Ықтымбаев та құттықтаудан шет қалмай:

«Үш жылда Жетісу деген облыс пайда болды, отыз жылда атқарылатын нәрсе істелді. Талдықорғанға кетіп бара жатқанда, көлікті тоқтатып, Мұқыры тауының төбесіне шығып, сүйсініп қарап тұрамын. Талдықорған қаласы болсын, Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Панфилов аудандары болсын, бәрі де  керемет өзгерген. Тау қопарғандай іс атқарылды. Тойларың құтты болсын, ағайын-туғандар!» — деп тілегін білдірді.

Құттықтауларға танымал спортшылар да қосылды.

«Өзімнің және өңірдің паралимпиадашыларының атынан жетісулықтарды облыстың құрылғанына үш жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасына денсаулық, амандық, еңбекте табыс тілеймін», — деді қазақстандық пауэрлифтинг, Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева.

Жас ұрпақ өкілдері де жылы тілектерін жолдады. Олардың арасында Астана қаласындағы «Жастар» театрының әртістері, Қазақстаның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Азамат Есқұл мен Дәурен Серғазин де бар:

«Жер жаннаты Жетісу ақындардың, батырлардың елі, өңірден сондай танымал адамдар көптеп шыға берсін. Біздің сүйікті облысымыздың 3 жылдығымен барша жетісулықтарды құттықтап, Қапал ауылы мен Жаркент қаласының тұрғындарына ерекше жалынды сәлем жолдаймыз», — деді олар.

Атап өтсек, әр түрлі салада еңбек етіп жүрген танымал адамдардан 20-дан астам бейнеқұттықтаулар келіп түсті.

Еске салсақ, сол сияқты аймақтың 3 жылдағы негізгі жетістіктері туралы облыстық «Жетісу» телеарнасы фильм дайындаған болатын.

Оқылып жатыр

«Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады

Жетісудың Көксу ауданында соңғы үш жылда 46,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тұрғын үй пайдалануға берілді

Жетісуда «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды

«Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң мен Тәртіп»: Жетісуда тақырыптық муралдар салынды

Жетісуда шекаралық аудандарды электрмен сенімді жабдықтау мақсатында ауқымды жобалар іске асырыла бастады

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.