Фото: ТЖМ
Қостанай облысында көпқабатты үй өртке оранып, тұрғындар эвакуацияланды. ТЖМ қызметкерлері өртеніп жатқан үйден бір әйелді алып шықты, деп хабарлайды Todayinfo.
Жітіқара қаласының 11-шағын ауданында бес қабатты тұрғын үй өртке оранды. Аязды күні халық баспаналарын тастап шығуға мәжбүр болды.
— Шақыру орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерге асықты. Қатты түтінге және жоғары температураға қарамастан, өрт сөндірушілер пәтер иесін тез тауып, оны далаға шығарды. Содан кейін құтқарушылар зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметіне тапсырды, — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ ТЖМ құтқарушылары баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.