Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025

«Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды

18 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
  • Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды
  • «Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды
  • Маңғыстаудағы масқара жағдай: Есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі әкім орынбасары ұсталды
  • Ташиевтің тоқпағы: Қырғызстанда президентті сынаған басылымның журналистері сотталды
  • Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды
  • «Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды
  • «Қазақстанда қазақ жоқ екен»: Алматыға жолдастарын іздеп келген монғол жігіті ренішін қазақы қалжыңмен жеткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жоба құны – 1,5 млрд. тенге»: Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ

«Жоба құны – 1,5 млрд. тенге»: Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ

31 Шілде, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысының Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жаңа Жібек жолы» ЖШС-нің құрылтайшысы Нұртай Шайакыметпен кездесіп, өзекті жобаларды жүзеге бірлесе асыруды талқылады. Сонымен бірге қабылдауға келген шетелдік инвесторлармен келіссөз де жүргізді. Облыс әкімі өндіріс орнын ашам, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгіземін дейтін азаматтарға қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Түркістан өңіріне қош келіпсіздер. Түркістан – елімізде мақта өсірілетін жалғыз облыс. Сондықтан осы саланы мейлінше дамытып, мақта кластерін қалыптастыруды көздеп отырмыз. Осы бағытта жұмыстар жүруде. Біз мақта сұрыбын жақсартып, мақтаны терең өңдейтін зауыттар ашамыз. Сіздер ұсынған жобаларды қарастырып, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жаңа Жібек жолы» ЖШС-нің құрылтайшысы Нұртай Шайакымет Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамыту бағытында жүзеге асырғалы жатқан жобаларын таныстырған. Біріншісі – Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округінде су үнемдеу техногияларын пайдалана отырып жоғарғы сортты мақта дақылын өндіру көзделген.
«Жоба құны – 1,5 млрд. тенге. Жер көлемі – 1000 га, іске асыру кезеңі – 2024-2025 жылдар аралығы, 30 адам жұмыспен қамтылады. Екінші жоба – Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінде су үнемдеу техногияларын пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін дамыту. Жоба құны – 500 млн тенге, жер көлемі – 518 га. Мұнда 200 га жерге тұқымдық мақта, 200 га жерге тәтті жүгері және 118 га жерге ащы бұрыш егу көзделген», — делінген облыс әкімдігінің таратқан  хабарламасында.
2024-2025 жылдары жүзеге асатын жоба арқылы 15 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен бірге Ескі Иқан ауылдық округінде замануи технологиялар қолданылған мақта өңдеу зауытын салу көзделген. Жоба жүзеге асса, 120 адам жұмыспен қамтылады. Бұл жобалардың бастамашысы – «Жаңа Жібек жолы» ЖШС.
Кездесу барысында өңір басшысы аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына инвесторға сүймелдеу жұмысын жүргізуді, инфрақұрылым бойынша көмектесуді тапсырды.

Оқылып жатыр

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Соңғы жазбалар

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025

«Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды

18 Қыркүйек, 2025

Маңғыстаудағы масқара жағдай: Есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі әкім орынбасары ұсталды

18 Қыркүйек, 2025

Ташиевтің тоқпағы: Қырғызстанда президентті сынаған басылымның журналистері сотталды

18 Қыркүйек, 2025

Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды

18 Қыркүйек, 2025

«Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды

18 Қыркүйек, 2025

«Қазақстанда қазақ жоқ екен»: Алматыға жолдастарын іздеп келген монғол жігіті ренішін қазақы қалжыңмен жеткізді

18 Қыркүйек, 2025

Астанада мейрамханадан өрт шығып, 8 пәтер жанып кетті

18 Қыркүйек, 2025

Ақадырдағы ажалды апат: Қарағандыда пойыз апатқа ұшырап, үш адам көз жұмды

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.