Желіде дәрігермен салғыласқан әйелдің видеосы тарап, көпшіліктің қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды Todayinfo.
Видеодан әйелдің дәрігерге өзін дұрыс қарамағанын айтып шағымданғанын байқауға болады.
Алайда дәрігер бәрін байыппен түсіндіріп, әйелге көмек көрсеткенін, науқастың ауруханада жатуына еш себеп жоқ екенін айтты.«Менде сізден басқа науқас көп. Жағдайы өте нашар адамдар бар. Сізде бәрі жақсы. Сатурацияңызды тексердім, қантыңызды тексердім, қан қысымыңызды тексердім, бәрі дұрыс. Ертең учаскелік дәрігеріңізге барасыз.
Біз қызмет көрсететін персонал болып кеттік па? Сыйластық танытыңыз. Жұмысыма кедергі келтірмеңіз. Мен сізді қарадым ғой. Сізді мұнда жатқызу үшін себеп жоқ. Мұнда тек шұғыл жағдаймен келгендерді жатқызамыз. Мен сізге алғашқы көмекті көрсеттім»,- деп жатыр дәрігер.
Бір сәтте камераға түсіріп тұрған әйел күйеуін шақыртып, дәрігерді ұрғызатынын айтып, қорқыта бастайды.
«Мен қазір жолдасымды шақырып, быт-шытыңызды шығартам», — дейді ол дәрігерге.
Сонымен бірге, өзі түсірген видеоны желіге жариялаймын деп қоқан-лоқы көрсеткен.
Желідегілер дәрігерді жақтап, науқасты кінәлап жатыр.
«Мына қатынды жауапқа тарту керек, қорқытқаны үшін», «дәрігерді толықтай қолдаймын», «құрметті дәрігер, мен сізді қолдаймын. Бұл әйелді сотқа беріңіз, ол сізді моральді және эмоционалды түрде мазақ етті», «дәрігер жарады, өзін өте жақсы ұстады, дауыс көтермеді, дөрекі сөлемеді, бәрін дұрыс жеткізіп тұр», «күйеуімді шақырам, ұрғызам дей ма, масқара», «сөзге түсінбейтіндер бар ғой», — деп жазып жатыр көпшілік.
Еске салайық, кейінгі уақытта дәрігерлерге қол көтеру жағдайларының көбеюіне байланысты медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қорғайтын заң күшейтілмек. Енді ақ халаттыларды ұрып-соққандар 15 жылға дейін сотталып кетуі мүмкін.
Фото: Freepik