Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Суы суық, душы лас»: Журналист Отар әскери бөлімшесінің ішін аралап көрді

27 Қараша, 2025

Алматыда бір топ адам Қытай азаматтарынан 5,5 млн теңге бопсалаған

27 Қараша, 2025

Степногорск қаласында жоғары технологиялық өндірістерді орналастыруға арналған индустриялық аймақ құрылуда

27 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Суы суық, душы лас»: Журналист Отар әскери бөлімшесінің ішін аралап көрді
  • Алматыда бір топ адам Қытай азаматтарынан 5,5 млн теңге бопсалаған
  • Степногорск қаласында жоғары технологиялық өндірістерді орналастыруға арналған индустриялық аймақ құрылуда
  • Шыны өндірісінің жаңа дәуірі: Қызылорда облысынан шыққан әйнек төрт мемлекетке экспортталып жатыр
  • «Қызыңды алып кет»: сәлем салудан бас тартқан келіннің ісі сотқа жетті
  • «Жүйе шындықты жасырып отыр!»: Әміржан Қосанов Тоқаевқа ашық хат жолдады
  • Болат Назарбаевтан қалған мұра: «Барыс» базарының орнына индустриялды аймақ салынады
  • «Аты жоқ» адам бәрін шешіп тұр»: Арман Дүйсеновтің әйелі белгілі адвокаттың көмегінен бас тартқан
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 27 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Жүйе шындықты жасырып отыр!»: Әміржан Қосанов Тоқаевқа ашық хат жолдады

«Жүйе шындықты жасырып отыр!»: Әміржан Қосанов Тоқаевқа ашық хат жолдады

27 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Facebook/amizhankossan

Қоғам белсендісі әрі журналист Әміржан Қосанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

2019 жылғы президенттік сайлауда екінші орын алған Қосанов өз үндеуінде ұлттық мүдде, ішкі саясат, идеология, азаматтық қоғам және кадрлық саясатқа қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтерген.

Хаттың басында ол Тоқаевтың «Жаңа және Әділетті Қазақстан» құру бастамаларын қолдайтынын айта отырып, жүйедегі түйткілдерге назар аударуды сұрайды. Оның сөзінше, президентке есеп беріп жүрген шенеуніктердің барлығына сене беруге болмайды, себебі өңірлердегі және министрліктердегі нақты жағдай баяндағандай емес.

Сонымен қатар ол соңғы уақытта қаржы тапшылығы деген желеумен ішкі саясат пен рухани салаға бөлінетін қаражат қысқарып жатқанын сынға алады.

«Өз идеологиясын қаржыландырмаған ел басқа мемлекеттердің ықпалына тез түседі», – дейді Қосанов.

Хатта азаматтық қоғам мәселесі де қозғалған. Оның ойынша, билікке сын айтқан әр азаматты «қарсылас» ретінде қабылдау дұрыс емес. «Сын түзелмей, мін түзелмейді», – деп атап өтті ол.

Қосанов президенттің айналасында қалыптасып жатқан топтардың біржақтылығы мен ықпал үшін таласын да ерекше атап өткен. Оның айтуынша, билік төңірегінде тартыс күшейсе, бұл елдің тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Тағы бір маңызды жайт — кадр саясаты. Қосанов соңғы уақытта трайбализм мен жершілдікке жол беріле бастағанын алға тартып, кадр таңдауда ашықтық пен әділдік қажет екенін айтты.

Сөз соңында ол президентті 2029 жылғы сайлауға дайындықты қазірден бастауға шақырып, саяси процестің өркениетті, ашық әрі жалпыұлттық легитимді болуы үшін нақты қадамдар қажет екенін жеткізді.

Оқылып жатыр

«Суы суық, душы лас»: Журналист Отар әскери бөлімшесінің ішін аралап көрді

Алматыда бір топ адам Қытай азаматтарынан 5,5 млн теңге бопсалаған

«Қызыңды алып кет»: сәлем салудан бас тартқан келіннің ісі сотқа жетті

Медеуге жету жеңілдеді: Алматыда жаңа №21 автобус бағыты ашылды

«Өз жұмысын ұқыпты атқарды»: Министр Әлназарова ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушыға дереу көмектесті

«Жылтырақ идеология» мен «ақпараттық рэкет»: Ерлан Қарин жаңа саясаттың қыр-сырын ашты

Соңғы жазбалар

«Суы суық, душы лас»: Журналист Отар әскери бөлімшесінің ішін аралап көрді

27 Қараша, 2025

Алматыда бір топ адам Қытай азаматтарынан 5,5 млн теңге бопсалаған

27 Қараша, 2025

Степногорск қаласында жоғары технологиялық өндірістерді орналастыруға арналған индустриялық аймақ құрылуда

27 Қараша, 2025

Шыны өндірісінің жаңа дәуірі: Қызылорда облысынан шыққан әйнек төрт мемлекетке экспортталып жатыр

27 Қараша, 2025

«Қызыңды алып кет»: сәлем салудан бас тартқан келіннің ісі сотқа жетті

27 Қараша, 2025

«Жүйе шындықты жасырып отыр!»: Әміржан Қосанов Тоқаевқа ашық хат жолдады

27 Қараша, 2025

Болат Назарбаевтан қалған мұра: «Барыс» базарының орнына индустриялды аймақ салынады

27 Қараша, 2025

«Аты жоқ» адам бәрін шешіп тұр»: Арман Дүйсеновтің әйелі белгілі адвокаттың көмегінен бас тартқан

27 Қараша, 2025

113 млрд теңгенің жобасы: Алматы облысында 15 жаңа индустриялық аймақ құрылады

27 Қараша, 2025

Алматы облысының экономикасы күшейді: өңірлік өнім 6 трлн теңгеге жетіп, ел бойынша 5-орынға көтерілді

27 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.