Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына байланысты шаһардың өңірлік нышанын әзірлеу бойынша конкурс жарияланды. Оған Қазақстанның кез-келген шығармашыл азаматы қатыса алады, деп хабарлайды Todayinfo.
Конкурсқа өтінімдер 2025 жылдың 3 наурызынан 3 маусымына дейін қабылданады. Жүлде қоры 1-орынға 5 миллион теңге, 2-орынға 3 миллион теңге, 3-орынға 2 миллион теңге болып белгіленді.
Ұсынылған жоба жаңа, ерекше әрі Түркістанның тарихи келбеті мен болашақ даму бағытын айқындап тұруға тиіс.
Нышанға ұлттық этнографиялық элементтен ою-өрнектерді пайдалануға болады, ал мемлекеттік рәміздерді, діни, рулық және тайпалық белгілерді қолдануға тыйым салынады.
Өтінімдерді Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесіне қағаз немесе электронды нұсқада жолдану керек.
Фото: gov.kz