Алматы қаласының № 2 қалалық перинаталық орталығына жүктіліктің 25 аптасында жатыры жарылып кеткен көп балалы ана жеткізілді. Бұл оның бесінші баласын күтіп жүрген кезі. Алайда әйелдің өмірі қайғылы жағдаймен аяқтала жаздаған. Соңғы сәбиін 1 жыл 3 ай бұрын ғана дүниеге келген. Әйел күндіз ішінің ауырғанын сезген, бірақ ауырғаны өтіп кетеді деп ойлап, көмекке жүгінбей жүре берген.
Түнгі сағат 11-де құса бастаған, түнгі сағат 2-де жатырыл жарылып, есінен танып қалған. Күйеуі дереу жедел жәрдем шақырып, оны дер кезінде перзентханаға жеткізді. Науқас орталыққа келгенде жүрегі тоқтап қалған.
«Жедел реанимациядан кейін іш қуысы ашылды, ол жерден шамамен 3 литр қан болды. 700 граммдық бала жатырдың жыртылуына байланысты ішек ілмектерінің арасында қалды. Жаппай қан кету басталып, жүрек тоқтап қалды», — дейді № 2 қалалық перинаталдық орталықтың директоры Светлана Рахимова.
Медициналық топ дереу операцияға кірісіп, жатырды алып тастаған, ішкі мықын артерияларын байлау үшін тамыр хирургтарын шақырды.
Науқаста ДВС-синдромы дамыды, бұл қанның ұю қабілетін жоғалтатын ауыр жағдай. Әйелге барлығы 64 доза қан мен плазма құйылды, сонымен қатар коагуляцияны қалпына келтіру үшін қымбат дәрілер берілді.
Хирургтер қан кетуді тоқтата білендіктен, көпбалалы ана аман қалған. Жатырдың жыртылуы миометрияның жұқаруына байланысты болды. Әйел бұған дейін бірнеше рет кеср тілігін жасатқан Барлық қиындықтарға қарамастан дәрігерлер тобы науқастың өмірін сақтап қалды.