Маңғыстау облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жан сырын бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Ол өткен өмірін еске алып, қателіктерін мойындаған жазба жариялады:
«Қолында барды қадірлемей, жанындағы жандарды бағаламай, өткінші мансапқа алданып, мәңгілік байлықтан – жақындарынан айырылады екенсің. Балаға әке бола алмады, бізге қорған бола алмады. Ақыры өзі де…», – деп жазды Наурызова.
Оның айтуынша, баласының әкесіз өсуі – ең ауыр қасірет.
«Менің жүрегімде қасірет бар. Себебі бала әкесін көрмей өседі. Әке деген аттан айырылған жанды аяймын да, кінәлаймын да. Өмірдің ең қымбат сыйын – баласын – шеттетіп алды. Ол енді менің санамда да өмірімде де мәңгі бос орын болып қалады. Ол орынды ешкім толтыра алмайды.
Әке деген аттың, сүйіспеншілік пен үміттің орны бос қалды. Бала үшін ол әрқашан бейне ғана болады – алыстағы, қол жетпес әке бейнесі», – деді ол.
Жазбаның соңында экс-депутат «Қош» деп аяқтаған.
Фото: malim.kz