Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі «Нойс» лақап атымен танымал Нұржан Иманалиев досы Арман Жұмагелдиевке шыққан үкім жайлы айтты, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Арман бауырымызға және оның жанындағы бауырларымызға қатысты қатаң үкім шықты. Бұл жүрегімізге ауыр тисе де, біз мұсылман ретінде Алла Тағаланың сынақтарына сабыр етіп, әр нәрсенің хикметін түсінуге тырысамыз. Алла Тағала жүрегімізге сабыр беріп, бұл қиыншылықты жеңуге күш-қуат нәсіп етсін. Арман бауырымыз бен оның отбасысына бұл сынақ үлкен емтихан екені сөзсіз. Бірақ әрбір қиындықтың артында жеңілдік бар екенін ұмытпайық. Бұл сәтте біз бауырларымызға тек қолдау көрсетіп қана қоймай, дұғада болуымыз керек. Алла Тағала барлығымызға сабыр мен иман берсін, бұл сынақтың ақырын жақсылыққа айналдырсын. Арман бауырымыз бен оның отбасына Алланың мейірімі жауып, жүректеріне тыныштық нәсіп еткей», — деді Нұржан Иманалиев.
Еске салсақ, Қаңтар оқиғасына қатысы бар Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталып кетті.