Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жұмысшы мамандықтар – болашаққа бастар жол: Ақмола облысының тәжірибесі

19 Тамыз, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Бұл бастама техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға, сонымен қатар экономика үшін аса қажет білікті кадрларды даярлауға бағытталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Соның айқын үлгісі – Көкшетау жоғары техникалық колледжі. Мұнда теориялық білім тәжірибемен ұштасады: студенттер дуальды оқыту жүйесі аясында сабақпен қатар өңірдің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында жұмыс істеп, кәсіби дағдыларын жетілдіреді, деп хабарлайды облыстық Ішкі саясат басқармасының ресми сайты.

«Қазіргі таңда мектеп бітіруші түлек тек қолымен немесе ақылымен жұмыс істеп, қана қоймай, екеуін де қатар меңгеруі маңызды. Ал дуальды оқыту жүйесі студенттерге өндірісте өз орнын тез табуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті колледж әдіскері Тілек Сәбитова.

Болашақ мамандар халықаралық деңгейдегі WorldSkills чемпионаттарына белсене қатысып жүр. Олардың жеңістері мен жетістіктері жұмысшы мамандықтардың беделі артып, бұл мамандықтардың бәсекеге қабілетті бола түскенін айқын дәлелдейді.

«WorldSkills жеңісі менің дұрыс таңдау жасағанымды дәлелдеді. Енді өз мамандығымның үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынына нық сенімдімін», — деді колледж студенті, облыстық кезеңнің жеңімпазы Александр Цалько.

Колледж Индустрия 4.0 дәуіріне нық қадам басты. Білім ордасында робототехника зертханалары, VR оқу орталықтары, сондай-ақ электромобильдерді диагностикалауға арналған арнайы аймақтар жұмыс істейді. Мұндай мүмкіндіктер студенттердің заманауи технологияларды игеруіне жол ашып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал етуде.

Колледж әдіскері Тілек Сәбитова оқу орнының бүгінгі студенттерді ертеңгі мамандықтарға дайындап жатқанын атап өтті.

«Біз жастарды робот техникасымен жұмыс істеуден бастап, электромобильдерге қызмет көрсетуге дейінгі заманауи бағыттарға үйретіп келеміз», – деді ол.

Колледж халықаралық байланыстарға да айрықша көңіл бөлуде. Студенттер Ресей мен Азия елдеріндегі кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп, әлемдік деңгейдегі компаниялармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Бұл өз кезегінде олардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, еңбек нарығында сұранысқа ие маманға айналуына жол ашады.

«КАМАЗ зауытындағы тағылымдама біз үшін баға жетпес тәжірибе болды. Сол арқылы алған біліміміздің халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетініне көз жеткіздік», – деді машина жасау мамандығының студенті.

Болашақ колледж мамандары бүгінде аймақтың дамуына тікелей үлес қосып жүр. Олар жиһаз бен қалалық инфрақұрылым элементтерін өндіруден бастап, түрлі өндірістік тапсырыстарды орындауға дейін белсене атсалысуда.

«Қаладағы еңбегіңіздің нәтижесін өз көзіңізбен көрген сәтте таңдаған мамандығыңыздың қаншалықты құнды екенін түсінесіз», – дейді колледждің құрылыс бөлімінің студенті.

Ақмола облысында өтіп жатқан «Жұмысшы мамандықтары жылы» жұмысшы кәсіптердің кешегі күннің сарқыншағы емес, сенімді болашақтың кепілі екенін айқын көрсетті. Бүгін даярланып жатқан жас кадрлар ертең қуатты экономиканың берік негізіне айналмақ.

Оқылып жатыр

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында электрмен жабдықтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Соңғы жазбалар

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.