Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Абай облысының бюджеті екі есеге артты

11 Қараша, 2025

Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі мен инвестициялар көлемі артты

11 Қараша, 2025

«Солқылдап жылағаны жаман екен»: Тұрсынбектің балалары ағыл-тегіл жылап қалды (ВИДЕО)

11 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Абай облысының бюджеті екі есеге артты
  • Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі мен инвестициялар көлемі артты
  • «Солқылдап жылағаны жаман екен»: Тұрсынбектің балалары ағыл-тегіл жылап қалды (ВИДЕО)
  • Адамзаттың айуаны: хуторлық Хасан Қасымбаев ауыр жазаға кесілді
  • «Өліктен де теңге тапқан ашкөз ел»: Қазақстанда мәйітханадан мүрдені алу бизнеске айналып кеткен
  • Филолог Ғалым Доскен өмірден өтті
  • Бижомарт Қапалбек: Латын графикасына көшу процесі ғылыми деңгейде тоқтап тұр
  • Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 11 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

17 Қыркүйек, 2025 Жамбыл облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президенттің бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің түлектеріне деген сұраныс айтарлықтай өскен. Бұған дәлел, оқу орны еңбек нарығындағы әріптестігін кеңейтіп, кәсіпорындармен жасалған меморандумдар санын 125-ке жеткізген. Соның нәтижесінде 2024-2025 оқу жылында колледжді аяқтаған 848 түлектің 86 пайызы жұмысқа орналасуға мүмкіндік алған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар бүгінде колледж оқу бағдарламасына бизнестің сұранысына бейімделген, тәжірибеге негізделген білім беру жүйесін енгізуде. Бұл туралы оқу орнының директоры Асхат Картаков Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында айтты.

Бүгінде колледжде 2 600-ге жуық студент 30-дан астам мамандық бойынша білім алуда. Олардың ішінде 1 500-ге жуығы жұмысшы мамандықтар бойынша оқып жүр. Ерекше атап өтерлігі – студенттердің басым бөлігі дуалды оқыту жүйесі негізінде дайындалады. Бұл жүйе теория мен практиканы тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді: оқу уақытының 40%-ы колледжде, ал 60%-ы нақты өндіріс орындарында өтеді.

Колледждің техникалық базасы да жыл сайын жаңартылып келеді. Заманауи зертханалар, өндірістік тренажерлар, интерактивті құрылғылар студенттердің кәсіби деңгейін арттыруға сеп болып отыр. Робототехника, IT және автоматтандыру бағыттарында бірқатар заманауи құрылғылар жеткізілді. Бұл жастардың ғылыми-зерттеу мен инженерлік ойлау қабілетін дамытуға жол ашуда.

– Қазіргі таңда колледждің материалдық-техникалық базасы қарқынды түрде жаңартылып жатыр. Технология күн сайын дамып жатқандықтан, біз де бұл үдеріске бейімделіп, колледжімізді үнемі жетілдіру үстіндеміз. Мысалы, жуырда ғана робототехника секциясына заманауи құрылғылар жеткізіліп, студенттердің тәжірибелік қабілетін дамытуға жағдай жасалды. Сонымен қатар, біз ірі кәсіпорындармен – «Қазфосфат», НДПЗ секілді алпауыттармен меморандум жасап, студенттерімізді өндірістік практикаға бағыттадық, – деді колледж директоры Асхат Картаков.

Сондай-ақ, колледж студенттері осындай заманауи техникалық базаның арқасында түрлі жарыстарға қатысып, жетістікке жетуде. Мәселен, WorldSkills чемпионатының аймақтық кезеңінде он тоғыз құзыреттілік бойынша жарыс өткен. Соның ішінде Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің он бір студенті алтын жүлдеге ие болған. Олардың тоғызы енді республикалық кезеңде облыс намысын қорғамақ.

Айта кету керек, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі «Жас маман» жобасына қатысып, еліміз бойынша іріктелген 180 үздік колледждің қатарына енген. Бұл мәртебе оқу орнының техникалық мүмкіндіктері мен білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.

Колледж тек республикалық қана емес, халықаралық серіктестік бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жуырда оқу орны Қытайдың Сиань қаласындағы химиялық колледжімен меморандумға қол қойды. Бұл келісімнің негізінде қос дипломды білім беру жүйесі іске аспақ. Жоспарға сәйкес, студент үш жыл бойы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде оқып, соңғы оқу жылын Қытайда жалғастырады.

– Бұл пилоттық жоба студенттер үшін тегін жүзеге асады. Қытайдағы оқу шығындарын серіктес тарап толық қаржыландырады, ал Қазақстандағы оқуды біз өз есебімізден қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда Қытай инвесторлары Жамбыл облысына белсенді келіп жатқанын ескерсек, бұл бағдарлама түлектерімізге мол мүмкіндік береді, – дейді колледж директоры.

Қорытындылай келе, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі — заманауи білім беру, кәсіби тәжірибе мен халықаралық серіктестікті үйлестіре отырып, еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлайтын жетекші оқу орны. Елдегі жұмысшы кадрларға деген сұраныс артып отырған кезеңде мұндай колледждердің рөлі бұрынғыдан да маңызды.

Оқылып жатыр

Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы аяқталды

Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте

Жамбыл облысының әкімдігі 272 млн доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойды

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды

Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

Соңғы жазбалар

Абай облысының бюджеті екі есеге артты

11 Қараша, 2025

Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі мен инвестициялар көлемі артты

11 Қараша, 2025

«Солқылдап жылағаны жаман екен»: Тұрсынбектің балалары ағыл-тегіл жылап қалды (ВИДЕО)

11 Қараша, 2025

Адамзаттың айуаны: хуторлық Хасан Қасымбаев ауыр жазаға кесілді

11 Қараша, 2025

«Өліктен де теңге тапқан ашкөз ел»: Қазақстанда мәйітханадан мүрдені алу бизнеске айналып кеткен

11 Қараша, 2025

Филолог Ғалым Доскен өмірден өтті

11 Қараша, 2025

Бижомарт Қапалбек: Латын графикасына көшу процесі ғылыми деңгейде тоқтап тұр

11 Қараша, 2025

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

11 Қараша, 2025

«Елу жыл өтті — енді айтуға болар»: ардагер Кеңес одағы кезіндегі құпия қызметі туралы жазба қалдырды

11 Қараша, 2025

«Желіні шулатып жатқан Бадықова екеуміз»: Тұрсынбек Қабатов концертінде тоқалы туралы айтты

11 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.