Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)
  • Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі
  • Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты
  • Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жұмыста да, өмірде де қаталмын: Бишімбаевтың ісін қараған судья процестен кейінгі өмірі туралы айтты

Жұмыста да, өмірде де қаталмын: Бишімбаевтың ісін қараған судья процестен кейінгі өмірі туралы айтты

6 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Салтанат Нүкенованы асқан қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева Tengrinews.kz-ке сұхбат берді. Сұхбат барысында ол атышулы экс-министрдің ісі, сот процесі аяқталғаннан кейінгі өмірі туралы айтып берді.

Айжан Құлбаева – Түркістан облысының тумасы. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған.

— Әділет басқармасында оқыдым. Кейін ол сот әкімшісі болып қайта құрылды. Бастапқыда маман болып жұмыс істедім. Кейін судья болуға емтихан тапсырдым. Судья болуды қаладым. Сот жүйесіне келгенімде судьяның қаншалықты маңызды жұмыс істейтінін көрдім, – дейді Айжан Құлбаева.

Сондай-ақ ол атышулы соттың ашық әрі тікелей эфирде болатынын ескере отырып, өзіне артылған жауапкершілікті түсінгенін айтады.

— Істі зерттеп, оны аяғына дейін жеткізуден басқа ештеңе ойламадым. Соттың тікелей эфирде өтетіні алдын ала сот отырысында белгілі болды. Біздің сот аса ауыр қылмыстарды қарайтындықтан тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кісі өліміне қатысты істер апта сайын, тіпті күнде түседі, – дейді судья.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша судья Айжан Құлбаева 19 сәуірден бастап күзетпен жүрді. Оған белгісіз біреулер қоқан-лоққы көрсетіп, қоңырау соғып, хабарламалар жіберген. Осы дерек бойынша тексеру үшін қылмыстық іс қозғалды. Судья осыған қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

— Қазір күзетті алып тастады. Білуімше, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеудің мән-жайын ашып айта алмаймын. Қазір өзімді қауіпсіз сезінемін, – дейді ол.

Айжан Құлбаева Бишімбаевың ісінен кейін өзін көп адамның көшеде танып жататынын да атап өтті.

— Көшеде адамдар танып жатады. Мен амандасамын, бірақ суретке түсуден бас тартамын. Танымалдық қызметіме кедергі келтірмейді. Қылмыстық істі қарау барысында, сот отырысы кезінде менің танымалдығымның еш маңызы жоқ. Күнделікті өмірде де дәл солай. Судьялар ел алдында жүретін адамдар емес. Мен жұмыс барысында қаншалықты қатал әрі бәрін бақылауда ұстайтын адам болсам, өмірде де дәл сондаймын. Ал жақындарым мені түсінеді, қолдау білдіреді, – дейді судья.

Сондай-ақ Айжан Құлбаева алқабилер мен судья қалай шешім шығаратынын айтты.

— Екі үкімнің болуы мүмкін емес. Алқабилер мен судья бірігіп, дауыс беру арқылы бір үкім шығарады. Басым көп дауыс жинаған үкім шығарылады. Менің және алқабилердің дауысы тең, – дейді ол.

Тікелей эфир кезінде бірнше рет камералар өшіріліп, сот алқабилерді сот залынан шығарып жіберді. Ол кезде не талқылағаны көпшілікке қызық. Айжан Құлбаева камералар өшіп, алқабилер залдан шығарылған кезде қалған сотқа қатысушылармен құқықтық мәселелер талқыланатынын айтты. Онда айтылатын дүниелер алқабилердің қатысуынсыз талқылануы керек. Айтуынша, егер камераны өшірмесе, алқабилер оны әлеуметтік желіде тараған үзінділерден көріп алады.

Сонымен қатар судья сот отырысы кезінде эмоцияға берілмей, оны бақылауда ұстағанын айтады.

— Жәбірленуші тарапқа немесе соттың басқа қатысушыларына қатысты белгілі бір сезімді бастан өткердім деп айта алмаймын. Тек заңды басшылыққа алдым. Сотталуышының телефонын қараған кезде де ешқандай эмоцияға берілмедім. Мен сот отырысының тікелей эфирде жүріп жатқанын білемін. Сол себепті өз эмоциямды бақылауда ұстадым. Ал адамдар менің түрімді көріп, эмоцияға ерік берді деп жатты, – дейді Айжан Құлбаева.

Сондай-ақ ол жәбірленушінің жынысы қаралып жатқан іске немесе сотталушының үкіміне әсер етпейтінін айтты. Сотта жәбірленушінің де, айыпталуышының да өз құқығы бар және ол тиісінше қорғалатынын атап өтті.

— Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарынан түскен арыз-шағым көбейді деп айта алмаймын. Өйткені шағым бізге бірден түспейді. Бірақ алқабилердің қатысуымен өтетін сот отырысы көбейді. Сотқа қанша әйел, қанша ер адам арыз түсіретінін білмеймін. Өйткені бізде статистика жүргізілмейді. Соттың алқабилермен өтуі – Бишімбаевтың талабы еді. Алайда біз бұл істен де ауыр қылмыстарды қараймыз. Бұл істің арқасында адамдар сот процесінің қалай өтетінін білді. Бұл сот жүйесі үшін тиімді деп ойлаймын. Қарапайым адамдар соттың өздері ойлағандай жеңіл өтпейтінін, судьяның жұмысы қаншалықты қиын әрі үлкен жауапкерішілікті керек етенінін және үлкен қажыр-қайратты талап ететінін түсінді. Халық сот жүйесін жақын тани бастады. Осылайша, судья мен сотқа деген сенім одан әрі нығая түспек, – дейді Айжан Құлбаева.

Судьяның айтуынша, атышулы істен кейін адамдардың құқықтық сауаттылығы арта бастаған.

— Әлеуемттік желіден түрлі жазбаларды көрдім. Адамдар сот отырысында айтылатын терминдік сөздерді тұрмыстық жағдайда қолданады екен. Тікелей эфирде өткен сот отырысы сот жүйесінің қаншалықты ашық екенін көрсетті. Мен алдағы уақытта басқа да істердің осылай ашық қаралуын қолдаймын, – дейді Айжан Құлбаева.

Оқылып жатыр

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

Соңғы жазбалар

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

20 Қыркүйек, 2025

Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

20 Қыркүйек, 2025

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.