Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

8 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай
  • «Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады
  • «Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді
  • «Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады
  • «Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды
  • Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды
  • «Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді
  • «Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 8 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды

Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды

8 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық.

Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың қатарына қосуға талпынады. 

Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін», — деді ел Президенті.

Біз кеше кім болғанымызды ұмытпаймыз. Төл тарихымызға құрметпен қараймыз. Ал келешекте кім болатынымыз тек қана өз қолымызда екенін жақсы түсінеміз.

«Сондықтан ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсете береміз. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Өскелең ұрпақ ертең соның игілігін көреді, оны еселеп, лайықты жалғастырады. 

Қазір жер жүзінде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге жастар тез бейімделеді. Соның ішінде жасанды интеллектінің жаңа дәуірдегі орны ерекше. 

Хакім Абай «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп айтқан. 

Бұл нақыл сөзге Мемлекет басшысы ретінде қосарым: Өркениетті әрі озық елдің заңы – әділ, билігі – білікті, ал азаматтары саналы және белсенді болары хақ. 

Мемлекет деңгейінде қабылданған әрбір шешімнің мән-маңызы, ең алдымен, халықтың тұрмысын жақсарту, экономиканы тұрақтандырып, әлеуметтік әділдік орнату үшін жасалған нақты істермен өлшенуге тиіс. Сонда біз жаңа тұрпатты, мықты ел боламыз.

Қазақстан жан-жақты, түбегейлі реформалардың арқасында дамудың даңғыл жолына түсіп келеді. Алда қарқынды жұмыс күтіп тұр. Біз бағдарымыздан айнымай, тек алға қадам басуымыз керек», — деді ол.

Фото: ortalyq.kz

Оқылып жатыр

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

«Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

«Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды

«Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

Тоқаев: Қазақстанға бір емес, бірнеше АЭС қажет

Президент 3 жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыруды тапсырды

Соңғы жазбалар

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

8 Қыркүйек, 2025

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды

8 Қыркүйек, 2025

Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды

8 Қыркүйек, 2025

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

8 Қыркүйек, 2025

«Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

«Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025

«Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.