Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында ұшатын автокөлік зауыты салынып жатыр. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Зауытта «Құрлықтағы авиатасымалдағыш» үлгісіндегі ұшатын көлікке арналған модульдер шығаратын болады. Зауыт жылына 10 мыңға дейін көлікті нарыққа жібермек.
Ұшатын модельдің алдын ала сатылымы 2024 жылдың соңында басталады.