Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Актер Шәріп Серікке қатысты жасалған ЖИ-видео бойынша полиция іс қозғаудан бас тартты

17 Маусым, 2025

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

17 Маусым, 2025

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Актер Шәріп Серікке қатысты жасалған ЖИ-видео бойынша полиция іс қозғаудан бас тартты
  • Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды
  • Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды
  • «Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты
  • «Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды
  • Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда
  • Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты
  • Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 17 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жылына 2000 тонна өнім»: Түркістан облысында құрма жем өңдейтін зауыт биыл іске қосылмақ

«Жылына 2000 тонна өнім»: Түркістан облысында құрма жем өңдейтін зауыт биыл іске қосылмақ

7 августа, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында құрма жем өңдейтін зауыт биыл іске қосылмақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысында өндіріс орындарының саны артып келеді. Өңірдің еңбекқор халқы кіші, орта, отбасылық кәсіпті жандандыруға бет бұрған. Жергілікті кәсіпкерлер шет мемлекеттерден тәжірибе жинап, өндірісте үздік технологияларды пайдаланып жатыр. Инвесторлар тарту жұмыстары да қарқын алды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, біқатар нысанды аралады. Аудан әкімі Арман Сәбитов жүзеге асып жатқан жобаларды таныстырды.

Облыс әкімі Ақсукент ауылдық округі, Манкент ауылында салынып жатқан «Nurym Group» түйіршіктелген құрама жем зауытының құрылыс алаңында болып, жеке инвестордың жобасының қазіргі жай-күйін бақылады.

– Өңірде «Іс бастаймын, кәсібімді кеңейтемін» деген азаматтарға мүмкіндік көп. Ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу қажет. Әкімдіктен арнайы жер бөлу, инфрақұрылыммен қамту жұмыстарына қолдау болады. Мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағдарламалар да бар. Зауыт, фабрикалар ашпасақ, халыққа жақсы жұмыс орындарын ұсынбасақ, өңір экономикасы көтерілмейді, – деді облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы.

Ол  жоба құрылтайшысы Сырым Ертаевпен ауыл шаруашылығын дамыту бағытында пікір алмасты. Жаңа бастамаларды жүзеге асыру маңызды екенін айтты. «NURYM GROUP» ЖШС ауыл шаруашылығы жылқы, ірі қара, ұсақ малдарға арналған құрама жем шығарумен айналысуды көздеп отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыттың құрылыс жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталған. Кәсіп иесі биыл қазан айында нысан құрылысын аяқтап, өндіріс орнын жыл соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Бүгінде құрылыс жұмыстары 60%-ға орындалған.

«Түркия елімен жүргізілген келіссөздер негізінде қондырғылар маусым айында толық жеткізілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарымен қатар қондырғыларды монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Зауыттың барлық кезеңдеріндегі жұмыстар автоматтандырылған жүйелер және заманауи жабдықтардың көмегімен жүргізіледі», -делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Зауыт сағатына – 20 тонна, жылына 2000 тонна өнім шығаруға қауқарлы болмақ. Бұл жұмыстар жеке кәсіпкер есебінен жүргізілуде. 7,25 гектар аумақта орналасқан кәсіпорынның жоба құны – 2000,0 млн теңге. Мұнда 12 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылады.

Оқылып жатыр

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда

Нұра ауданындағы «Өнер үйі» биыл пайдалануға беріледі

Алматыда есту қабілетінен айырылған балаларға кохлеарлы имплант орнатылады

Қызылордада «Заң және тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» форумы өтті

Соңғы жазбалар

Актер Шәріп Серікке қатысты жасалған ЖИ-видео бойынша полиция іс қозғаудан бас тартты

17 Маусым, 2025

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

17 Маусым, 2025

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17 Маусым, 2025

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты

17 Маусым, 2025

«Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды

17 Маусым, 2025

Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда

17 Маусым, 2025

Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты

17 Маусым, 2025

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

17 Маусым, 2025

«Мәдениеттен жұрдай, тәлпіш»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды

17 Маусым, 2025

Алматыда атақты «Арыстан» базары сүріліп жатыр

17 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.