Фото: видеоскрин
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев жын шығарған емшіге қандай жаза қолданылатынын айтты, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Қойгелдиевтің айтуынша, бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.
«Баланың ата-анасынан ешқандай арыз-шағым түспеді. Қазіргі уақытта жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда», — деді ол.
Еске салсақ, қаңтардың басында атыраулық емші Кейқуат Оспановтың 5 жасар қыздан «19 жастағы ұрғашы жынды шығарып жатқан» видеосы қазақстандықтардың назарына түсіп, желіде қызу талқыланған еді. Ол видеода баланың қолын байлап, тамағынан қысқан еді.