Белгілі әнші әрі актриса Жанар Айжанова бір жыл бұрын сынған қолын ерекше тәсілмен – күміс жүзікпен емдегенін айтты. Бұл туралы ол тойда айтып, шошақ жүзіктің қалай пайда болғанын бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
«Былтыр қолым сынғанда Сызғанов атындағы аурухана көмектесе алмады. Ақыры өз бетімше осы жүзікті тағып жүріп жазылдым. Басы оймақ сияқты, сондықтан «оймақты шошақ жүзік» деп атаймын. Алты ай бойы киіп жүрдім. Саусағым 80 пайызға қалпына келді. Қазақтың күмісі шынымен де ем екен», – деді Жанар Айжанова.
Айжанова бұл әңгімесін той үстінде бөлісті. Шараны әзілкеш тамада Жанатбек Бәйтеков жүргізіп, әншінің ерекше жүзігіне назар аударған. Ол жүзіктің атауын сұрағанда, Жанар Айжанова қалжыңмен жауап берді:
«Оймақты шошақ жүзік. Авторы – өзім. Сосын, жыныма тигендердің көзін ойып аламын», – деп күлкіге қарқ қылды.
Бұл көңілді әрі шипалы әңгімені куә болған әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында видео түрінде бөлісті. Желі қолданушылары Жанар Айжанованың тапқырлығына, қазақтың күміс бұйымдарына деген сеніміне ризашылық білдіріп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram