Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

11 Қараша, 2025

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

11 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды
  • 3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
  • Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді
  • «Ақша үшін әнші атанбадым»: Димаш әлемдегі белді телеарнаға тікелей эфирде сұхбат берді
  • Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр
  • «Ел сөйлей береді, бастысы біз біргеміз»: Қабатовтың тоқалы мәлімдеме жасады(ВИДЕО)
  • Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр
  • Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 12 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Жыныс мүшемді бұрап жарамсыз қылды»: Шардарада полицейлер шопанды азаптаған

«Жыныс мүшемді бұрап жарамсыз қылды»: Шардарада полицейлер шопанды азаптаған

28 Желтоқсан, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Фото: Todayinfo
Түркістан облысына қарайтын Шардара ауданының тұрғыны Нартай Хожанов құзырлы орган өкілдерінен қорлық көргенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Todayinfo.

                                                «Сегіз ешкіні сен ұрладың» деді

50 жастағы ер азамат қыркүйек айында өзін шекарашылар полиция бөлімшесіне апарғанын айтады. Сөйтіп, табалдырықты аттаған беттен ұрып-соғып, азаптағанын дәлелдей алмай жүр. Алғашында өзін тіркеуден өтуін сұрап, полицияға алып кеткен. Барған бойда жұдырық астына алған.

«Орысқұдыққа барғанда әскери бөлімнің көлігімен екі жағымда екі солдат отырды. Сөйтіп мені Шардара заставасына алып келді. Ол жерден Дархан есімді азамат мені РОВД-ға алып барды. Ж. Н.-ның  алдына алып барды. 12 кабинетке кірдім, кірген жерден әй-шай жоқ мені ұра бастады. Ернім қанап, көгеріп кетті. Оның бәрі аз десеңіз аузымды скочпен байлап, басыма пакет кигізді. Сөйтіп, жыныс мүшемнен бұрап, допша домалатты. Бір кезде көрші кабинетке апарым сегіз ешкіні ұрлағанымды мойындауларын сұрады. Иә, мен қойшымын. Бірақ, ешқандай ешкі ұрламағанымды айттым», — дейді Нартай Хожанов.

                                              Азаптаған адам кейін кешірім сұрады

Жәбірленуші сөзінше ешкіні ұрлады деп көрші отардағы шопан айтқан. Жала жапты деген ол қойшы да тепкі астында қалған дейді. Есі кіресілі-шығасылы тұрған ер адамды полицейлер әуелі ауруханаға апарып, кейін жездесінің үйінде қалдырған. Осылай деген Нартай Хожановтың денсаулығына зиян келгенін әйелі байқаған. Осыдан соң Хожанов әпкесімен прокуратураға арыз жазады. Содан кейін үйіне өзін қорлаған Н.Ж. келіп, кешірім сұрап, ұрлықты басқа біреу жасағанын айтқан.

«Бірақ, бәрі кеш еді. Өйткені дәрігерлер маған өте ауыр диагноз қойды», — дейді жыларман болған жігіт ағасы.

Сегіз ешкіні ұрлады деп ұрып соқты деген азаматтар үш айдан бері жазаланбапты.. Прокуратура «дәлелі жоқ» деген желеумен арызды қабылдамаған. Содан бері сандалып жүрген азамат ақыры адвокат жалдап, әлеуметтік желіде жанайқайын жеткізуді жөн көрген.

                                                    Жәбірленушінің заңды өкілі не дейді

Жәбірленушінің заңды өкілінің көмекшісі Жадыра Наурызбайқызы Нартай Хожанов өзіне желтоқсан айында келгенін айтты. Сол кезде видеоүндеу жасап, ақыры прокуратура қылмыстық іс қозғаған. Алайда онда бір ғана бап көрсетілген. «Билігін асыра пайдалану» бабына «Азаптау», «Адам ұрлау» баптарының да қосылуын талап етеміз» дейді ол.

Өкініштісі сол жалғыз қыз тәрбиелеген Нартай Хожановтың енді балалы болуы екіталай. Өйткені ер адамды азаптады деген құзырлы орган өкілдері оның жанды жерінен екі рет бұраған. Зақым кесірінен Түркістан облысының тұрғыны әлі күнге дейін қиындықпен отырып тұрады. Өзі Өзбекстаннан он жыл бұрын қоныс аударған қандас содан бері жұрттың қойын бағып келемін дейді. Келіншегі болса мектеп асханасында жұмыс істейтінін жеткізді.

                                                Прокуратураның мәліметі

Түркістан облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Хожановтың арызы негізінде Шардара АПБ-нің қызметкерлеріне қатысты КР КК-нің 362-бабы, 1-бөлігімен тіркелген қылмыстық іс тіркелген.

«Қазіргі таңда қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынып, облыс прокуратурасының нұсқауына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жургізілуде», — дейді Түркістан облысының прокуратурасы.

Оқылып жатыр

Ел тарихтың тағы бір айналымына аяқ басты: президенттік сайлау таяп келеді – Бигелді Ғабдуллин

AI саяхат индустриясын қалай өзгертеді

Түркияның жаһандық сахнадағы жаңа рөлі: Стратегиялық қажеттілік пе, әлде тәуекелді ойын ба?

Орталық Азия: Еуразияның жаңа жүрегі ме, әлде кезекті геосаяси ойын алаңы ма?

Жаңа «Қырғи-қабақ соғыс»: АҚШ, Ресей және Қытайдың ядролық жарысы қайта басталды

«Реформа» немесе «Тесік жамау»? Экономист үкіметтің сәтсіз шешімдері туралы ащы шындықты айтты

Соңғы жазбалар

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

11 Қараша, 2025

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

11 Қараша, 2025

«Ақша үшін әнші атанбадым»: Димаш әлемдегі белді телеарнаға тікелей эфирде сұхбат берді

11 Қараша, 2025

Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр

11 Қараша, 2025

«Ел сөйлей береді, бастысы біз біргеміз»: Қабатовтың тоқалы мәлімдеме жасады(ВИДЕО)

11 Қараша, 2025

Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды

11 Қараша, 2025

Абай облысына 3,5 трлн теңге инвестиция тартылды

11 Қараша, 2025

Жетісу аудандағы ондаған көшеге жаңа жол жабындысы төселді

11 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.