Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Әнші Айдар Тұрғанбек балаларға бұтын уқалатқан Смановпен кездескен видеосы үшін сынға ұшырады (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

15 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Әнші Айдар Тұрғанбек балаларға бұтын уқалатқан Смановпен кездескен видеосы үшін сынға ұшырады (ВИДЕО)
  • Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)
  • Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған
  • Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді
  • Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді
  • Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр
  • «Өмір бақи сорың болады»: Ауру балаларды «ақшаның соры» деген актрисаның басы дауға қалды (ВИДЕО)
  • Баланы жерге алып ұрған: есірткі шеккен еркек өлтіріп қоя жаздаған сәби ауруханадан шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 15 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «450-500 мың теңгеден бердік»: наиб имам қажылыққа бармақшы болған 180 адамды алдап соқты

«450-500 мың теңгеден бердік»: наиб имам қажылыққа бармақшы болған 180 адамды алдап соқты

20 января, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Меккеге барып, қажылық парыздарын өтемекші болған екі жүзге жуық адам алаяқтарға алданып қалды. Құдайға құлшылықтарын Сауд Арабиясына барып жасамақшы болған ел тұрғындары әр облыстан жиналған. 180 адам Меккеге ұшу үшін Алматыға келгенде алданғандарын бір-ақ білген, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Болашақ қажылардан ақшаны  Мейіржан Ырыскелді деген адам алған. Ол өзін туристік фирманың президенті ретінде таныстырып, елдің сеніміне кірген. Бүгін Меккеге ұшуы тиіс турист қажылар ақшаны «Zajira travel» атты компанияға бір ай бойы кезек-кезек аударумен болған.

«Алаяққа алдандық,  Семейден, Шымкенттен,  Атыраудан,  Ақтөбеден, Жезқазған, Қостанай облыстарынан келген адамдар көп. Барлығы 180 адамбыз. Қыста қажылыққа барамыз деп қаңғып қалдық. Алаяқ өтірік уәделерін беріп, біз оларға сеніп қалдық. Көбі шығындалып қонақ үйде жатыр,  танысы барлар туыстарының үйіне тоқтаған. Бәріміз қазір қонақ үйге жиналып, мына алаяқтан ақшамызды қайтаруды талап етіп жатырмыз», — деді Ербол Байқашов.

Халықтың сеніміне кіріп, ақша жинауға, елді қажылыққа тартуға наиб имам да көмектескен.

«Өтеген батыр мешітінің наиб имамы — Марсел деген жігітке де сендік. Ол мешіт қызметкері болған соң бізді сендірді, имам өтірік айтпайды ғой дедік. Бәрі өтірік айтқан,  ақша да,  қажылық та жоқ, қаңғып қалдық. Турфирманың лицензиясын да, офисін де бізге көрсетпеді, телефонмен сөйлесіп сендірді халықты», — деді қарсылық акциясына жиналған халық.

Қыстың  қара суығында қаңғып қалған болашақ қажылар әр облыстан өз қаражаттарын шығындап келген. Соңында қонақ үйге төлейтін ақшалары бітіп, бөлмелерден қуылған.

«Екі адамға қажылыққа жолдама алғам осы турфирмадан. Семей қаласынан апайым екеуміз Меккеге ұшу үшін келдік. 19- ы күні ұшуымыз керек еді,  болмады. «20 қаңтар күні ұшасыңдар, күтіңдер» деп сендірді. Соңында бәрі өтірік екенін, мүлдем ұшпайтынымызды білдік, алаяқтар екен, толықтай алаяқтар деп айта алам», — деді Арыстан Мұқашев.

«Jazira travel» бізді алдап соқты. Шымкент қаласынан келдім. Үш күннен бері қонақ үйде жатқандар бар. Бәріміз алдандық», — деді тағы бір жолаушы.

Ал өзін турфирманың президенті ретінде таныстырып келген Мейіржан Бауырұлы қашып кетпейтінін, жанына бірнеше адамды қосып берсе кешкі сағат 19:00-ге дейін ақшаларын алып келетінін айтып ақталған. Алайда халық оған сенбей полиция шақыртты.

«Ал ағайын, ақшам жоқ сіздерге қайтаратын. Ақшаны алған Асылбек Шардарада, ол телефонды көтермейді, мен оның үйін білмеймін. Кешірім берсеңіздер рахметімді айтам, болмаса әрекетім үшін заң алдында жауап берем. Анам займ алды 200 мың теңге, басқа ақшам жоқ»,- деді турфирманың басшысымын деген Мейіржан Бауырұлы.

Жоспарсыз қарсылық акциясын ұйымдастыруға себепші болған наиб имам бастаған адамдарды полиция тергеуге алып кетті. Ашулы халық Әуезов аудандық полиция басқармасына барып арыз жазып жатыр. Қажылыққа барамыз деп қаражаттарын санап бергендердің арасында емізулі баласымен жүрген жас аналар да, таяғын сүйреткен егде жастағы әжелер де бар.

Фото: Todayinfo

Оқылып жатыр

Әнші Айдар Тұрғанбек балаларға бұтын уқалатқан Смановпен кездескен видеосы үшін сынға ұшырады (ВИДЕО)

Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді

Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді

Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр

Соңғы жазбалар

Әнші Айдар Тұрғанбек балаларға бұтын уқалатқан Смановпен кездескен видеосы үшін сынға ұшырады (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

15 Шілде, 2025

Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді

15 Шілде, 2025

Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді

15 Шілде, 2025

Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр

15 Шілде, 2025

«Өмір бақи сорың болады»: Ауру балаларды «ақшаның соры» деген актрисаның басы дауға қалды (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Баланы жерге алып ұрған: есірткі шеккен еркек өлтіріп қоя жаздаған сәби ауруханадан шықты

15 Шілде, 2025

100 мың жұмыс орны бос тұр, кадр жетіспейді — Олжас Бектенов

15 Шілде, 2025

«Дене шынықтыру мамандары сұраныста болады»: IT маманы айлығы жоғары жұмыс табудың жолын айтты

15 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.