Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Интернет-алаяқтықпен күресудің жаңа алгоритмдері енгізіліп жатыр

21 Шілде, 2025 Ақпарат комитеті
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавлда интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған жаңа алгоритм өз тиімділігін көрсетті. Бір апта ішінде полиция мен жекеменшік күзет қызметі зейнеткерлердің қаржысын заңсыз иеленуге бағытталған бірнеше әрекетті дер кезінде анықтап, жалпы сомасы 7 миллион теңгеден асатын қаражатты сақтап қалды, деп хабарлайды Todayinfo.

Жыл басынан бері облыс аумағында 270-тен астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл — өңірдегі жалпы қылмыстық істердің төрттен бір бөлігін құрайды. Осыған орай, Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің бастамасымен Петропавл қаласында интернет-алаяқтыққа қарсы күресте жаңа алгоритм енгізілді.

Алгоритмнің мәні – сауда-ойын-сауық орталықтарында кезекшілік ететін полиция мен күзет қызметкерлерінің банкоматтар маңында абдырап, телефон арқылы сөйлесіп тұрған егде жастағы адамдарға назар аударып, қажет жағдайда шұғыл әрекет етуі.

Алаяқтар жиі қолданатын схемалар: «Сіздің атыңызға несие рәсімделді», «Анашым, мен жол апатына түстім» деген жалған хабарламалар арқылы азаматтарды үрейге салып, ірі көлемдегі қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударуға мәжбүрлеу.

Мәселен, сауда орталықтарының бірінде полиция қызметкері банкомат жанында тұрған 74 жастағы зейнеткерді байқап қалады. Әйел адамға өзін банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлға хабарласып, оның атына несие рәсімделгенін айтып, одан құтылу үшін қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударуды талап еткен. Уақытылы араласудың арқасында 500 мың теңге көлеміндегі заңсыз операцияның жолы кесілді.

Осыған ұқсас жағдайда 75 жастағы тағы бір зейнеткер белгісіз нөмірге дәл сондай сомада ақша аударуға тырысқан. Алаяқ өзін алдымен ұлы, кейін немересі ретінде таныстырып, шұғыл қаржы сұраған. Қырағылық танытқан күзетші полицияны шақырып, оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары зейнеткердің алаяқпен сөйлесіп жатқанын анықтап, оның қаржысын сақтап қалды.

Үшінші жағдайда егде жастағы ерлі-зайыпты 6 миллион теңгесінен айырылып қала жаздаған. Олар да «несие рәсімделді» деген хабарлама алып, алғашқыда 1,5 миллион теңгені аударып үлгерген. Полицейлердің түсіндіру жұмысының арқасында қалған 4,5 миллион теңге дер кезінде сақталып қалды. Алаяқтардың сөзіне сенген зейнеткерлер басында полицияға сенбеген.

Барлық жағдай бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, бұл әдіс тиімді нәтижесін беріп отыр. Алдағы уақытта осы алгоритмді жетілдіру, кеңейту және атсалысқан қызметкерлерді ынталандыру көзделіп отыр.

Полиция зейнеткерлерге ерекше назар аударуға шақырады. Азаматтарға жақындарын, көршілерін банкомат маңында жалғыз қалдырмау, оларға алаяқтардың схемаларын түсіндіріп отыру ұсынылады. Ең бастысы – қандай да бір күмәнді жағдайда асықпай, банкке ресми нөмір арқылы немесе бірден «102» нөміріне қоңырау шалу қажет.

 

Оқылып жатыр

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

Астанада есірткі таратқан қыз 10 жылға сотталды 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

Ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды

«Әкемнің туған жеріне әулетіміздің атынан орнатам»: 21 жастағы жігіт Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш жасатпақ

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.