Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

9 млн теңгесін «махабатына» аударған: ІІМ әлеуметтік желідегі алаяқтар адамдарды романтикалық ұсыныс арқылы алдай бастағанын ескертті

22 Шілде, 2025 Ақпарат комитеті
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда белсенді әрекет ететін алаяқтар туралы қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, соңғы уақытта желі қолданушыларының кейбірі өздерін шетелдік азамат ретінде таныстыратын алаяқтардың қармағына түсіп қалуда. Олар әдетте өздерін махаббат іздеп жүрген шетелдіктер ретінде көрсетіп, жылы сөздермен сенімге кіреді, виртуалды қарым-қатынас құрып, артынша әртүрлі сылтаулармен ақшалай көмек сұрайды.

ІІМ онлайн алаяқтықтың кең таралған белгілерін атап көрсетті:

  • Ғашықтық сезімін тым тез білдіру;
  • Бейнеқоңырау немесе жеке кездесуден үзілді-кесілді бас тарту;
  • Қиын өмірлік жағдайлар туралы айтып, аяныш тудыру;
  • Ақша, құжаттар немесе бағалы заттарды жіберуді сұрау.

Бүгінде интернет алаяқтық Қазақстан бойынша кең етек жаюда. ІІМ деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы алты айында 12 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Оның ішінде романтикалық алаяқтық, инвестициялық жалған ұсыныстар мен онлайн дүкендер арқылы алдау сынды тәсілдер кеңінен қолданылады.

« Қазіргі цифрлық заманда алаяқтар адамдардың сенімін пайдалану арқылы оңай олжаға кенелуге тырысады. Әсіресе жалғыз жүрген адамдар мен егде жастағы азаматтар жиі құрбанға айналады. Сондықтан бейтаныс адамдарға бірден сенбеуге, әсіресе ақша аудару туралы өтініштерге сақ болуға кеңес береміз», – деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Министрлік азаматтарды әрдайым мұқият болуға шақырады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы танысқан адам сізден ақша, құжат немесе құнды зат сұраса, бірден күмән келтіріп, ақпаратты тексеру қажет.

Күдік тудырған жағдайда міндетті түрде 102 нөміріне хабарласыңыз. Бұл – сіздің қаржылық қауіпсіздігіңізді қорғаудың ең тиімді жолы.

«Желі қолданушыларының кейбірі өздерін махаббат іздеп жүрген шетелдіктер ретінде көрсететін алаяқтардың құрығына түсіп қалып жатыр. Мұндай алдамшы онлайн махаббаттың соңы тек жаралы жүрек пен бос әмиянға әкеп соғады», — деп жазады ішкі істер министрлігінің ресми сайты.

Полицияның айтуынша, алаяқтықтың бұл схемасы бір сценарийге ие. Яғни, алдымен олар әдемі танысады, романтикаға толы сөздер айтады, кездесеміз дейді, тіпті, үйленетініне сендіреді. Осындай схеманың құрбаны болған Астана қаласының тұрғыны интернет арқылы танысқан адамына сеніп, тоғыз миллион теңгесінен айырылған. Бастапқыда романтикалық хат-хабар алмасудан басталған таныстық кейін үйлену туралы уәдеге дейін жалғасқан. Алайда, уақыт өте келе «шұғыл көмек қажет» деген өтініштер пайда болып, қаржы аударымдары сұралған.

«Бірақ, келе-келе басында әртүрлі қиындықтар бар екенін айтып, құрбанынан көмек сұрайды, ақша сұрайды. Осындай схемаға алданған Астана қаласындағы әйел өзімен интернет арқылы сөйлескен адамға сеніп, тоғыз миллион теңгесінен айырылған», — деп хабарлайды ІІМ.

Оқылып жатыр

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

Астанада есірткі таратқан қыз 10 жылға сотталды 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

Ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды

«Әкемнің туған жеріне әулетіміздің атынан орнатам»: 21 жастағы жігіт Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш жасатпақ

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.