Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды

16 Қазан, 2025

«Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды

16 Қазан, 2025

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды
  • «Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды
  • Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады
  • БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
  • Сотталған шенеуніктің ұлы Президент әкімшілігінде басшылық қызметке тағайындалды
  • Тоқаев Бектеновке елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді
  • 9 градус суық, үсік жүреді: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады

18 Тамыз, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірді өркендету перспективасы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды todayinfo.kz

Марат Ахметжанов облыста барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсім сақталып отырғанын жеткізді. Өңір ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін 1,2 триллион теңгеге дейін жеткізіп, елдің аграрлық секторының көшбасшысы ретіндегі орнын нығайтуды көздеп отыр. Биыл өнімділігі өте жоғары, соның ішінде майлы дақылдар алқабы 2,5 есе ұлғайды.

Президентке инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде мәлімет берілді. Аршалы ауданында республикалық маңызы бар Aqmola индустриялық аймағы құрылды. Жалпы құны 4 миллиард доллардан асатын инвестициялық портфель жасақталды. Осы арқылы 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысына әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылысының барысы таныстырылды. Соңғы екі жыл ішінде 4,7 мың тұрғын баспаналы болды. Бұл алдыңғы жеті жылдың көрсеткішіне тең. Осылайша, кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы 29 пайызға азайды. Қосшы қаласында үлескерлердің мәселесі оң шешіліп жатыр.

Білім беру саласында екі жыл ішінде 21 мың оқушыға арналған 33 нысан бой көтерді. Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді.

Жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Көкшетауда электр қуаты 240 Мвт, ал жылу қуаты 520 Гкал/сағат болатын жылу электр орталығы салына бастады. Су тазарту нысандарының құрылысы аяқталуға жақын. Соның нәтижесінде облыс орталығында тұратын 200 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады. Жыл соңына дейін 9 елді мекенге газ құбыры тартылады.

Кездесу соңында Президент реновация бағдарламасы арқылы халықтың әлеуметтік осал тобын баспанамен қамтудағы облыстың оң тәжірибесін атап өтті. Мемлекет басшысы егін жинау науқанын ұйымдастыру, Қосшы қаласының дамуы бойынша тиісті шараларды қабылдау, су тасқынына қарсы жүйелі жұмыс жүргізу, сондай-ақ инвестиция тарту жөнінде нақты тапсырма берді

Оқылып жатыр

Тоқаев Бектеновке елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Соңғы жазбалар

«Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды

16 Қазан, 2025

«Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды

16 Қазан, 2025

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады

16 Қазан, 2025

БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі

16 Қазан, 2025

Сотталған шенеуніктің ұлы Президент әкімшілігінде басшылық қызметке тағайындалды

16 Қазан, 2025

Тоқаев Бектеновке елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді

16 Қазан, 2025

9 градус суық, үсік жүреді: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

16 Қазан, 2025

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.