Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты
  • «Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау
  • Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады
  • Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады
  • «Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды
  • «Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды
  • Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады
  • БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

БҚО қысқы спортының амбициясы үлкен

15 Тамыз, 2025 БҚО
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысында қысқы спорт түрлері жаңа тыныс алып, қарқынды дами бастады. Қазір облыста шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы спорты, шайбалы хоккей және допты хоккей бойынша жас спортшылардың жаңа толқыны өсіп келеді. Осы бес спорт түрі өңірдегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі бағыттарына айналған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда қысқы спорт түрлерінен Ақжайық өңірінде 500-ге жуық бала жаттығады. Атап айтсақ, шорт-тректе 125, допты хоккейде 131, шайбалы хоккейде 96, шаңғы спортында 73, ал мәнерлеп сырғанауда 53 жас өрен бағын сынауда. Бұлардың арасында 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 ҚР спорт шебері, 21 спорт шеберлігіне кандидат бар.

Қысқы спортты кеңінен дамыту мақсатында биыл Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында биатлон бөлімшесі ашылып, бұл спорт түрімен қазірдің өзінде 28 спортшы айналысып жатыр.

Бұрын спортшылар жаттығатын Оралдағы жалғыз мұз сарайы көпке дейін таршылық етіп келген еді. Биыл жағдай түзеліп, жекеменшік «Ice House» мұз айдыны пайдалануға берілді. Басқарма кешенді жалға алып, спортшылардың жаттығуына қолайлы жағдай жасаған.

Өңірдің қысқы спорттағы жетістігі көңіл қуантады. Ақжайықтың ақ мұзында шыңдалған шорт-трекшілер халықаралық додаларда топ жарып, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Әсіресе, биыл Италияның Турин қаласында өткен XXXII Қысқы Универсиадада Алина Ажғалиева мен Алишер Абдулкатимов ұлттық құрама сапында аралас және ерлер эстафетасынан қола медаль еншіледі. Ал ақпан айында Қытайдың Харбин қаласында өткен IX Қысқы Азия ойындарында Алина Ажғалиева екі бірдей күміс медаль иеленіп, Қазақстан қоржынын толықтырды.

Одан бөлек, Канаданың Калгари қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатынан да облыс спортшылары құр алақан қайтпады. Алина Ажғалиева 1000 және 2000 метрлік микст қашықтықтарында қола, ал әйелдер командасымен бірге 3000 метрлік қашықтықта күміс медаль жеңіп алды. Ерлер сапында Мақсат Уәлиолла 3000 метрлік эстафетада қола медаль иеленді.

Қазіргі таңда облыс бойынша қысқы спорт түрлерінен Қазақстан ұлттық құрамасына 86 спортшы енген. Олар келешекте ел намысын олимпиада ойындарында да қорғайды деген үміт зор. Өңірде қазір «Олимпиадалық спорт түрлері клубын» құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Клубқа қабылданатын үздік спортшылар тұрақты түрде жалақы алып, кәсіби деңгейде шыңдалатын болады.

Ақжайық спортының алдына қойған ендігі биік мақсаты 2026 жылы Италияның Милан-Кортина қалаларында өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарында жүлделі орыннан көріну. Осы жолда Алина Ажғалиева, Нұртілек Қажғали, Алишер Абдулкатимов сияқты шорт-трек шеберлеріне және Еділбек Елубаев пен Дамир Қабикесов сынды шаңғышыларға үлкен сенім артылып отыр.

Оқылып жатыр

БҚО Қытаймен әріптестікті күшейтті: жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Ұстаздар күніне орай Батыс Қазақстан облысында мерекелік шара өтті

Еңбекпен өрілген өмір

Орал қаласында «VETAGROSKILLSHUB» Құзыреттілік орталығы ашылды

Соңғы жазбалар

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

16 Қазан, 2025

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

16 Қазан, 2025

«Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды

16 Қазан, 2025

«Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды

16 Қазан, 2025

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады

16 Қазан, 2025

БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі

16 Қазан, 2025

Сотталған шенеуніктің ұлы Президент әкімшілігінде басшылық қызметке тағайындалды

16 Қазан, 2025

Тоқаев Бектеновке елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.