Фото: Semey News
Қызылорда қаласының №2 сотында жүктілік, босану және бала күтімі бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз ұлғайту ісімен айналысқан екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Сот анықтағандай, айыпталушылар жалған құжаттар арқылы азаматтарды бірнеше жерге жұмысқа орналастырғандай көрсетіп, әлеуметтік төлемдердің көлемін арттыруға мүмкіндік берген. Нәтижесінде мемлекетке 22 млн теңгеден астам шығын келген.
Айыпталушылар кінәларын толық мойындап, келтірілген залалды өтеген. Олардың жас балалары бары және қылмыстық әрекетті мойындағаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.
Сот үкімі:
-
А.-ға 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жаза балалары 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды.
-
Б.-ға 2 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.
Бұл шешім Рақымшылық туралы Заңға сәйкес жеңілдетілген.