Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025

«Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Теңіз үшін күрес: Chevron Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орнындағы келісімшартты ұзартуға ұмтылуда

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды
  • «Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • Теңіз үшін күрес: Chevron Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орнындағы келісімшартты ұзартуға ұмтылуда
  • «Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті
  • Porsche, Escalade, BMW: ҚМА «тіс дәрігерлері ісінде» тәркіленген элиталы көліктерді көрсетті
  • Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты
  • Жәнібек Әлімханұлының көптен күткен қарсыласы белгілі болды
  • «Сиыр еті 25% қымбаттаған»: Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанына шағымданды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Сиыр еті 25% қымбаттаған»: Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанына шағымданды

22 Қыркүйек, 2025 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Максим Морозов

Қазақстанда ресми инфляция көрсеткіші мен халықтың жеке тәжірибесі арасындағы айырмашылық қоғамда сұрақтар туындап жатыр. Биылғы тамыз айының өзінде жылдық ресми инфляция 12,2% деңгейінде тіркелген. Алайда тұрғындар дүкендердегі бағаның бұдан әлдеқайда жоғары қарқынмен өсіп жатқанын айтып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz  FINANCEkaz арнасына сілтеме жасап.

Кейбір азаматтардың айтуынша, сиыр еті шамамен 25%-ға қымбаттаған, ал шоколад бірнеше есе өсіп кеткен. Осы ретте сарапшылар мұндай жағдай кез келген елде кездесетінін атап өтті.

«Себебі ресми инфляция орташа көрсеткіш. Ол азық-түлік, азық-түліктен тыс тауарлар және қызметтер инфляциясын қамтиды. Бәрі 500-ден астам тауар мен қызмет түрі есепке алынады. Бағаларды бақылау және тіркеу жұмыстарын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы еліміздің барлық облыс орталықтарында және бірқатар аудандарында жүргізеді», – деді сарапшы.

Ал қарапайым тұтынушылар өздерінің «жеке инфляциясын» күнделікті бірнеше дүкен мен базар бағасына қарап есептейді. Сондықтан ресми көрсеткіш пен азаматтардың жеке сезінуі арасында айырмашылықтың болуы қалыпты жағдай дейді сарапшылар.
Қазақстандағы инфляцияны есептеу тәртібі туралы Бюро ұлттық статистикасы түсіндірме берді.

Ресми мәлімет бойынша, тұтыну қоржыны 508 тауар мен қызмет түрін қамтиды. Оның ішінде азық-түлік тауарларының үлесі 39%, азық-түліктен тыс тауарлар 30%, ақылы қызметтер 31%. Бұл құрылым елдегі орташа тұтынуды сипаттайды. Сондықтан ресми инфляция көрсеткіші де барлық аймақтар, нарықтар мен дүкендер бойынша орташа есеппен анықталады.

Сарапшылардың айтуынша, қарапайым азаматтар өз түбіртектері арқылы есептейтін «жеке инфляция» көрсеткіші маңызды, бірақ ол көбіне ресми деңгейден жоғары болады.

Себебі қала тұрғындарының тұтыну құрылымында импорттық тауарлардың үлесі көбірек, бұл олардың жеке инфляциясын арттырады. Алайда бұл айырмашылық статистикалық мәліметтердің жалғандығын білдірмейді. Бюро ұлттық статистикасы инфляцияны есептеу әдістемесін кезең-кезеңімен жетілдіріп келеді.

Қазір инфляция мониторингі тексерушілердің қолмен енгізген деректеріне ғана емес, сонымен бірге фискалдық операторлардың нақты сауда түбіртектеріне де негізделеді.

Ай сайын 500-ден астам атауға баға белгіленеді: оның ішінде 403 тауар, 105 қызмет түрі бар. Жаңашылдықтар статистиканы жедел қалыптастыруға, шығындарды азайтуға және деректер сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Енді баға тіркеушілер арнайы мобильді қосымша арқылы ақпарат енгізсе, фискалдық деректер тікелей өңдеу орталығына түседі.

Оқылып жатыр

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Соңғы жазбалар

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025

«Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Теңіз үшін күрес: Chevron Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орнындағы келісімшартты ұзартуға ұмтылуда

22 Қыркүйек, 2025

«Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Porsche, Escalade, BMW: ҚМА «тіс дәрігерлері ісінде» тәркіленген элиталы көліктерді көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты

22 Қыркүйек, 2025

Жәнібек Әлімханұлының көптен күткен қарсыласы белгілі болды

22 Қыркүйек, 2025

«Сиыр еті 25% қымбаттаған»: Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанына шағымданды

22 Қыркүйек, 2025

Президент Тоқаев БҰҰ болашағына қатысты бағыт-бағдар ұсынады

22 Қыркүйек, 2025

“Балабақшадағы трагедия”: Көлікте 6 сағат қалып қойған 2 жастағы қыз қайтыс болды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.