Фото: Sputnik / Александр Кряжев
Қазақстандық “Барыс” хоккей командасының бас бапкері Михаил Кравец қазақ тілін үйренудің қажеті шамалы екенін, себебі уақыты жоқ екенін ашып айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Михаил Кравец осы жылдың тамыз айында “Барыстың” бұрыңғы бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев қызметінен кеткеннен кейін орнына тағайындалған еді.
Михаил Кравец бапкерлік мансабын 2001 жылы бастаған. Ол бұған дейін Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Витязь», «Амур», “Авангард», «Куньлунь» командаларын жаттықтырған.
Ал Барыс хоккей клубы соңғы рет “Ак Барс” клубымен өткен ойында 3:4 есебімен есе жіберген.