Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады

10 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті
  • Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады
  • Қызмет алушылар құқығы басты назарда
  • «Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды
  • Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
  • Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды
  • Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 10 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«18 литр қан құйылған»: Шымкентте босануға барған келіншек перзентханада көз жұмды

10 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: видео скриншот

Шымкентте перинаталдық орталыққа өз аяғымен барып, перзентін аман-есен босанған Зарина Сұлтан жансақтау бөлімінде жатып, 33 күннен кейін қайтыс болды. Марқұмның анасы дәрігерлердің жас ананың өміріне немқұрайлы қарағанын айтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Зарина Сұлтан тамыздың 20-сы күні перинаталдық орталыққа босануға кеткен. Әйел ұл босанған. Бірақ көп ұзамай қызуы көтеріліп, дәрігерлер антибиотик салған дейді. Содан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлапты.

“Бірінші көмек көрсетілмеген. Адреналин салынуы керек еді. Сондай ауруханада қалай адреналин салмаған. Сепсис деді. Өздері де білмей жаңағы жатырда вирус деді. Сіздер қол қойсаңыздар да, қоймасаңыздар да біз матканы аламыз. Біз жан-жақпен Алматы Астанамен Zoom-мен сөйлесіп отырмыз жатырды алыңыздар деп айтты деді. Сөйтіп жүргенде 18 литр құйған қанымыз қайда кетіп жатқанын білмей жатырмыз деді”, – деді Заринаның анасы Нышангүл Тулеева.

Жас ана араға 33 күн салып жан тапсырған. Артында қалған шақалағы мен екі жасар баласы әкелерінің қолында. Қара жамылған отбасы қайғылы оқиғаға дәрігерлерді кінәлайды.

“Барлық ауысымда болған, дәрі берген дәрігерлер өз жазасын алса дейміз. Тағы мұндай болмасына кім кепіл. Тергеуші өздерінің адамдары болғаннан кейін кім біледі. Сатып алуы да мүмкін деп күмәнданып отырмыз. Дәрігерлердің салғырттығынан бұндай қайталанбаса деп тілеймін енді”, – дейді марқұмның анасы.

Зарина Сұлтанның өлімінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Қалалық №1 перзентхананың мамандары өздерін кінәлі деп санамайды. Қолдан келгеннің бәрін жасадық деген ақ халаттылар Алматы мен Астанадағы әріптестерінің көмегіне де жүгініпті.

“Біздің дәрігерлер ананың өмірін сақтау үшін барлық шараларды қолданды. Біз клиникалық хаттамалар дейміз басқа дейміз бәрі соған сәйкес келді. Қазіргі таңда аталған жағдай бойынша қызметтік тексерістер жүргізіліп жатыр. Себебін анықтау үшін. Түпкілікті қорытынды сот медициналық сараптама нәтижесі шыққаннан кейін айтылады”, – дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігердің орынбасары Ақмарал Махашева.

Марқұм Зарина Сұлтанның өзі де дәрігер болған екен. Алматыдағы медициналық университетке грантқа түсіп, жалпы медицина мамандығын бойынша 7 жыл білім алған.

Оқылып жатыр

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

«Неге сонша нақұрыс болдыңдар»: Желіде қазақтарды «құлдар» деп қорлаған әйелге шағым түсті

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарын балағаттаған әкім жазаланды

1414 нөмірінен келетін SMS және айыппұлдар: eGov порталындағы авторизация өзгерді

Газада соғыс тоқтады: ХАМАС пен Израиль келісімге келді

Қарағандылық фермер біреудің 17 жылқысын атып тастаған

Соңғы жазбалар

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады

10 Қазан, 2025

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

10 Қазан, 2025

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

10 Қазан, 2025

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

10 Қазан, 2025

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

10 Қазан, 2025

Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді

10 Қазан, 2025

ТМД елдері жаһандық қақтығыстардың алдын алу үшін күш біріктіруі тиіс – Тоқаев

10 Қазан, 2025

«Неге сонша нақұрыс болдыңдар»: Желіде қазақтарды «құлдар» деп қорлаған әйелге шағым түсті

10 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.