Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1243 гектар аумақ тазартылды

11 Қазан, 2025

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді

11 Қазан, 2025

Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өндіріс ашады

11 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1243 гектар аумақ тазартылды
  • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді
  • Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өндіріс ашады
  • «Таңертең түрмеге, түсте ауруханаға баратын едім»: Айсәуле Бақытбек жан сырын ақтарды
  • Жас футболшыны күзет қоршаған: Дастан Сәтпаевтың видеосы талқыға түсті
  • Қазақстан жол апатынан әлемде үшінші орында тұр
  • Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды
  • Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 11 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Таңертең түрмеге, түсте ауруханаға баратын едім»: Айсәуле Бақытбек жан сырын ақтарды

11 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Танымал блогер Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Todayinfo Stan.kz  агенттігіне сілтеме жасап.

Желі жұлдызы салт-дәстүрді ұстанатын отбасында тәрбие алғанын жеткізді.

«Ата-анамның оқиғасынан екі ай бұрын Әлішермен екі жаққа кеткен едік. Ол кезде бірге бола алмайтынымызды түсіндік. Қатты стресс алып, күйзелісте жүрген едім. Мүмкін уақыт керек болған шығар?!

Бірақ мен ата-анамның көзімізше сөзге келіп, ұрысқанын көрмеппін. Сіңлім Айару да көрмеген. Ата-әжеміздің қолында өстік. Олар 80-жылдардағы адамдар болғасын бір-біріне дауыс көтеретін.

Ол оқиға мені қатты есейтіп жіберді. Америкаға кетемін деп билет алып қойған едім. Бірақ төрт айдан кейін ғана жолым түсті.

Анамды соққыға жыққанда бірден Әлішерді іздедім. Анамды ауруханаға, әкемді түрмеге алып кетті. Мен әкемнің жанында қалып, Әлішермен сөйлестім. Ол бірден мені жұбатуға тырысты.

Қасыма келетінін айтып, көңілімді аулады. Сол жылы менің өмір сүру режимім күрт өзгерді. Төрт ай бойы аурухана мен түрменің ортасында жүрдім. Таңертең түрмеге барамын, түсте ауруханаға анамның жанына келемін.

Әлішер жанымда болды, бірақ Америкаға кететін уақыты жақындағасын ол ұшып кетті. Содан кейін ойлана бастадым. Қыркүйекте мен де бәрін тастап, Америкаға кетіп қалдым. Ол кезде жағдай да тұрақталған еді», – деді блогер.

Айсәуленің сөзінше, бүгінде қыздары әкесімен араласып тұратынын жасырмады.

«Қыздарым “Бақытбек ата келе ме?” деп іздеп тұрады. Аталарын жақсы көреді. Араласып тұрамыз. Анам әуелден әкемізден ажыратқан жоқ. Біздің араласып тұруымызды талап етеді.

Осы оқиғадан кейін психологпен жұмыс істедік. Түрмеде отырғанда да әкеме барып тұрдым. Бірақ мен оны жұртқа қалай жеткізерімді білмедім. “Әкеммен сөйлесіп жатырмын” десем, “Анаңды өлтіре жаздаған адамды қолдайсың” деп айтады. Мен оның ісін қолдамаймын. Әкемді немерелерінен айыра алмаймын», – деді Айсәуле.

Фото:Instagram/ Айсәуле Бақытбек

Оқылып жатыр

Жас футболшыны күзет қоршаған: Дастан Сәтпаевтың видеосы талқыға түсті

Қазақстан жол апатынан әлемде үшінші орында тұр

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

«Неге сонша нақұрыс болдыңдар»: Желіде қазақтарды «құлдар» деп қорлаған әйелге шағым түсті

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарын балағаттаған әкім жазаланды

1414 нөмірінен келетін SMS және айыппұлдар: eGov порталындағы авторизация өзгерді

Соңғы жазбалар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1243 гектар аумақ тазартылды

11 Қазан, 2025

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді

11 Қазан, 2025

Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өндіріс ашады

11 Қазан, 2025

«Таңертең түрмеге, түсте ауруханаға баратын едім»: Айсәуле Бақытбек жан сырын ақтарды

11 Қазан, 2025

Жас футболшыны күзет қоршаған: Дастан Сәтпаевтың видеосы талқыға түсті

11 Қазан, 2025

Қазақстан жол апатынан әлемде үшінші орында тұр

11 Қазан, 2025

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

10 Қазан, 2025

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

10 Қазан, 2025

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.