Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды

23 Қазан, 2025

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды
  • ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар
  • «Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді
  • Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды
  • ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады
  • Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
  • Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады
  • МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 23 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қарағанды облысында жаңа үлгідегі тағы бір мектеп ашылды

23 Қазан, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Республика күні қарсаңында Шет ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы кентінің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді – мұнда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа заманауи мектеп өз есігін айқара ашты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

300 орынға арналған білім ордасында оқушылардың жан-жақты дамуына және сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасалған.

Кең әрі жарық кабинеттер заманауи,

эргономикалық жиһазбен жабдықталған.

Мұнда асхана,

кітапхана,

акт және спорт залдары бар.

Сондай-ақ STEM-зертхана, жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар, робототехника мен графикалық дизайн кабинеттері,

түрлі үйірмелерге арналған арнайы бөлмелер жұмыс істейді.

Мектепке жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған 22 интерактивті тақта орнатылған.

Білім ордасы қауіпсіздік тұрғысынан да заманауи талаптарға сай. Мұнда полициямен тікелей байланыс орнатуға арналған дабыл түймелері қойылған. Олар бейнекамералармен жабдықталған, бұл төтенше жағдайда ахуалды жедел анықтап, тез әрекет етуге мүмкіндік береді.

– Қымбатты балалар! Бүгін сіздердің алдарыңызда үлкен мүмкіндіктердің есігі ашылды. Бұл мектеп сіздердің армандарыңыздың бастауына айналсын. Ізденімпаз, білімге құштар, отанын сүйетін ұрпақ болып өсіңіздер. Біз ұстаздар мен ата-аналардың еңбегін жоғары бағалаймыз – ол еліміздің болашағының берік іргетасы. Баршаңызды Республика күнімен және жаңа мектептің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл білім ордасы өскелең ұрпақтың нағыз білім мен тәрбие ошағына айналсын, – деді салтанатты шарада сөз сөйлеген облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Оқушылар жаңа мектеппен танысып, алғашқы сабақтарын бастап кетті.

– Осындай жаңа мектепте оқу мүмкіндігі туғанына өте қуаныштымын. Біз бұл сәтті ұзақ күттік. Барлық кабинеттерді аралап шықтық. Маған әсіресе би сыныбы қатты ұнады – тура фильмдегідей, – дейді 9-сынып оқушысы Нұрай Ермекова.

– Мектеп өте керемет. Қазір бәріміз қуана аралап жүрміз. Өте кең, жаңа кабинеттер көп екен! Әсіресе акт залы мен музыка бөлмесі ерекше ұнады, – дейді Нұрайдың сыныптастары.

Жаңа жабдықтармен ұстаздар да танысып жатыр.

– Біздің еңбек кабинеті өте жақсы жарақталған. Мұнда темір және ағаш шеберханалары, заманауи құрал-жабдықтар мен презентациялар жасауға арналған цифрлық технологиялар бар. Енді оқушылардың еңбек сабағына деген қызығушылығы бұрынғыдан да артады деп сенемін, – дейді бейнелеу өнері және еңбек пәнінің мұғалімі Көмекбай Түсіпбеков. – Шынымды айтсам, мектебімізде осындай заманауи техника болады деп ойламаппын. Енді біз де жаңа технологияларды меңгеріп, балаларға үйрететін боламыз.

Білім саласының ардагері Айнагүл Түсіпбекова 40 жыл бойы мектепте еңбек еткен. Қазір ол ата-аналар комитетінің төрайымы. Екі немересі осы жаңа мектепте оқиды. Ардагердің айтуынша, жаңа оқу ордасы сапалы білім алуға барлық жағдай жасайды.

Мектептің ерекшелігі – бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктардың болуы.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де барлық жағдай қарастырылған:

бірінші және екінші қабатты байланыстыратын лифт орнатылған.

– Кентімізде осындай заманауи мектептің ашылғанына бәріміз өте қуаныштымыз. Бұрын бұл – тек арман болатын. Енді міне, мектебіміз барлық заманауи білім стандарттарына толық сәйкес келеді. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған кабинеттер өте ыңғайлы, – дейді Сәкен Сейфуллин атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) директоры Алма Әбеуова. – Педагогикалық құрам толық жасақталған.

Мектеп аумағы да абаттандырылған: футбол, волейбол, баскетбол және хоккей алаңдары, сондай-ақ воркаут аймағы бар.

Ауылдық жерлердегі білім беру нысандарын жаңғырту бағдарламасы жүйелі түрде жалғасуда.

Шет ауданының Ақск-Аюлы ауылында да «Келешек мектебі» жобасы бойынша жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Соңғы екі жылда Қарағанды облысында жеті жаңа мектеп салынды, оның төртеуі дәл осы бағдарлама аясында іске асырылған.

Оқылып жатыр

Цифрландыру және халықпен диалог – Президент кеңесшісі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді

Шахтинскіде «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан оқушылар мен еріктілер 200 тал көшетін отырғызды

Қарызсыз өмір: Қарағанды облысында тұрғындарға несие тұзағынан шығуға қолдау көрсетілуде

Қарағандыда «Саяхатқа шабыт беретін Қарағанды» туристік фестивалі өтті

Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті

Соңғы жазбалар

Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды

23 Қазан, 2025

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025

Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

23 Қазан, 2025

ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады

23 Қазан, 2025

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

23 Қазан, 2025

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.