Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

8 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай
  • «Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады
  • «Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді
  • «Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады
  • «Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды
  • Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды
  • «Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді
  • «Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 8 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ермек Маржықпаев еліміздегі волейбол спортын сынға алды

Ермек Маржықпаев еліміздегі волейбол спортын сынға алды

11 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев волейбол федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында федерация өкілдері волейболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы жарыстарға дайындық жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанда волейбол бұқаралық спорт түрі ретінде кең қанат жайып келеді. Бүгінде республика бойынша 14 мың волейбол секциясы жұмыс істейді. Онда 600 мыңнан астам бала аталған спорт түрімен тұрақты шұғылданады. Волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ең кейінгі ірі жарыста сүреңсіз өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Есесіне, жағажай волейболынан ел құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Волейбол бойынша биылғы Париж Олимпиадасына жолдама беретін барлық іріктеу турнирі аяқталды, бірақ жолдама бұйырған жоқ.

«Волейболшыларымыздың халықаралық аренада көрсетіп жүрген нәтижелері көңіл көншітпейді. Клубтар арасындағы біріншіліктерді есепке алмағанда, жерлестеріміз бірнеше жылдан бері Азия чемпионаттарында жүлдегерлер қатарынан көріне алар емес. Ерлер арасындағы ұлттық құрамамыз  соңғы  рет 2017 жылы, әйелдер 2005 жылы күміс медаль жеңіп алған болатын. Париждегі Олимпия ойындарына қатысу үшін біз әлемдік рейтингте ТОП-5 құраманың қатарына енуіміз керек екені белгілі. Алайда, қазіргі таңда әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 32-ші, ал ерлер құрамасы 59-орында тұр. Яғни, волейбол спорты бойынша бізде Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік жоқ деп айтуға болады», деді Ермек Маржықпаев.

Қазақстан волейбол федерациясының  өкілдері негізгі мәселені де бүккен жоқ. Бар кілтипан – ұлттық құрама ойыншыларының шау тарта бастағанында екен. Негізгі құрамдағы ойыншылардың дені 30-дан асып кеткен.  Ұлттық лиганың да деңгейі төмен, әлемдік өлшемге сай келмейтін көрінеді. Министр  федерация  өкілдеріне  волейбол спортын дамытып, өңірлерді ынталандыруды,  ел біріншілігінің деңгейін көтеруді жүктеді.  Жас спортшыларды даярлаудың жаңашыл әдісін қолдану қажеттігін айтты.

фото: olympic.kz

Todayinfo.kz

Оқылып жатыр

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

«Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды

«Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды

«Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

Соңғы жазбалар

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

8 Қыркүйек, 2025

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды

8 Қыркүйек, 2025

Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды

8 Қыркүйек, 2025

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

8 Қыркүйек, 2025

«Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

«Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025

«Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.