Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды
  • Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді
  • Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 25 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ермек Маржықпаев еліміздегі волейбол спортын сынға алды

Ермек Маржықпаев еліміздегі волейбол спортын сынға алды

11 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев волейбол федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында федерация өкілдері волейболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы жарыстарға дайындық жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанда волейбол бұқаралық спорт түрі ретінде кең қанат жайып келеді. Бүгінде республика бойынша 14 мың волейбол секциясы жұмыс істейді. Онда 600 мыңнан астам бала аталған спорт түрімен тұрақты шұғылданады. Волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ең кейінгі ірі жарыста сүреңсіз өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Есесіне, жағажай волейболынан ел құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Волейбол бойынша биылғы Париж Олимпиадасына жолдама беретін барлық іріктеу турнирі аяқталды, бірақ жолдама бұйырған жоқ.

«Волейболшыларымыздың халықаралық аренада көрсетіп жүрген нәтижелері көңіл көншітпейді. Клубтар арасындағы біріншіліктерді есепке алмағанда, жерлестеріміз бірнеше жылдан бері Азия чемпионаттарында жүлдегерлер қатарынан көріне алар емес. Ерлер арасындағы ұлттық құрамамыз  соңғы  рет 2017 жылы, әйелдер 2005 жылы күміс медаль жеңіп алған болатын. Париждегі Олимпия ойындарына қатысу үшін біз әлемдік рейтингте ТОП-5 құраманың қатарына енуіміз керек екені белгілі. Алайда, қазіргі таңда әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 32-ші, ал ерлер құрамасы 59-орында тұр. Яғни, волейбол спорты бойынша бізде Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік жоқ деп айтуға болады», деді Ермек Маржықпаев.

Қазақстан волейбол федерациясының  өкілдері негізгі мәселені де бүккен жоқ. Бар кілтипан – ұлттық құрама ойыншыларының шау тарта бастағанында екен. Негізгі құрамдағы ойыншылардың дені 30-дан асып кеткен.  Ұлттық лиганың да деңгейі төмен, әлемдік өлшемге сай келмейтін көрінеді. Министр  федерация  өкілдеріне  волейбол спортын дамытып, өңірлерді ынталандыруды,  ел біріншілігінің деңгейін көтеруді жүктеді.  Жас спортшыларды даярлаудың жаңашыл әдісін қолдану қажеттігін айтты.

фото: olympic.kz

Todayinfo.kz

Оқылып жатыр

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.